{metadescription}
Семейде дизель отыны тапшы
Семейде дизель отыны тапшы

Семейде дизель отыны тапшы

Бүгінде мұндағы жанармай құю бекеттерінің басым бөлігі қаңырап бос қалған. Ал, барлары оны тек, талон арқылы босатуға мәжбүр.

Евгений Емельянов, жүргізуші:

-Мен үйіме жетемін бе, жетпеймін бе, білмеймін. Қалада дизельдің жоқ деген масқара ғой. Күнделікті жүріп- тұру үшін жүк көлігіме 20-25 литр қажет. Қазір бакта шамамен 5-ақ литр қалды.

Демалыс күндері дизель отынының бағасы аспандап кетті. Жүргізушілердің айтуынша, кейбір жекеменшік жанармай бекеттері оның бір литрін 215 теңгеден сатқан. Алайда олар енді соның өзіне де зар болып қалдық дейді. Себебі, қазір қала бойынша дизелдік отын бір ғана жанармай бекетінде бар екен. Әйтседе, оның өзін кез-келген жүргізушіге сатпай, талон арқылы беріп жатыр. Бұл тапшылыққа қатысты жергілікті билік мардымды жауап бере алмауда. Тек оның қысқа арналған дизель болғандықтан қымбаттағанын жеткізді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде