{metadescription}
Тікелей эфир: Ұлттық банк РБК банктің жағдайын түзеуге ақша құяды
Тікелей эфир: Ұлттық банк РБК банктің жағдайын түзеуге ақша құяды

Тікелей эфир: Ұлттық банк РБК банктің жағдайын түзеуге ақша құяды

Бұл туралы Үкімет отырысының қортындысы бойынша Данияр Ақышев мәлімдеді. Клиенттерінің алдында міндеттерін атқара алмай қалған банктің күйін оңалтуға Үкімет, Ұлттық банк және инвесторлар үш жақтап кірісіп кеткен. Ақышев РБК-ны сауықтандырып алғысы келеді.

Әріптесім Азамат Алдоңғаров Үкімет отырысының қортындысы бойынша бізбен тікелей байланысқа шыққалы тұр?  Азамат, РБК-ға Ұлттық банк қанша ақша бермекші?

Өткен аптада мемлекет басшысының құлағына жеткен банктің мәселесін шешуге Үкімет пен Ұлттық банк білек сыбана кірісіп кеткен. Қазір инвесторлармен бірігіп оның жағдайын оңалтудың жоспарын әзірлепті. Бірінші кезекте банктің оңды-солды таратқан 600 млрд теңге проблемалы несиелер портфелі тәуелсіз қаржы ұйымының мойнына жүктеледі.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:

– Банк проблемалы несиелерінен құтылады. Оңалу Ұлттық банктің бұған дейін берген несиесі, квазимемлекеттік ұйымдардың қаржысынан және инвестор құятын 160 млрд теңге есебінен жүреді. Банк жақын арада проблемалы несиелер портфелін жояды.

-Азамат, ақша құйғысы келіп отырған компанияның аты белгілі болды?

Инвестор «Қазақмыс» корпорациясы. Бір сөзбен, сазға отырған банктің дертін басқа бір қаржы ұйымы емдейді. Нәтижесінде Ұлттық банк екінші деңгейлі банкін сап-сау күйінде сақтап қалмақ. Бұның барлығы РБК-да 188 млрд теңге жиған-тергені бар 28 мың азаматтың қамы үшін жасалып жатыр дейді төраға.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:

– РБК Ұлттық банктен Банк секторының қаржылық тұрақтылығын көтеру бағдарламасы бойынша ақша алғаннан кейін осы бағдарламаның қатысушысы болады. Осы ашаралардан кейін банк проблемалы несиелерінен құтылып, қор жинайды. Нәтижесінде кейін бұл банк бойынша ешқандай проблема туындамайды.

-Сонда Ұлттық банк несиесінен бөлек тағы ақша бөлмекші ғой? Оның сомасы қанша?

-Атап айтсақ Ұлттық банк РБК-ға 240 млрд теңге беру туралы өтінішін жақын арада қарастырады. Ал аталған 600 миллиард  теңге несие бойынша сараптама жүріп, оның қортындысы құзырлы органдарға жіберілмек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде