{metadescription}
Алматыда жүргізуші әйелді екі аяғынан айырған апатқа қатысты атышулы сот жалғасуда
Алматыда жүргізуші әйелді екі аяғынан айырған апатқа қатысты атышулы сот жалғасуда

Алматыда жүргізуші әйелді екі аяғынан айырған апатқа қатысты атышулы сот жалғасуда

Бүгін жол-көлік оқиғасына себеп болған - сынған люкке жауаптылар шақырылды. «Алматы тазалық» мекемесінің басшылары күре жолдағы темірдің кесірінен болған апатқа атүсті қарап отыр. Тіпті, өз араларында люктің неден сынғанын анықтауға тырыспаған. Әрі кінәларін жуып-шайғылары келсе керек, апат болған күні-ақ сынған темір қақпақтың орнына жаңасын қойып, қирандысын қоқыс полигонына лақтыра салыпты.

Бұл  әр таңымыз люк тексерумен атады деген «Алматы тазалық» мекемесінің басшылары. Бүгінгі күндері соттан басталды. Өйткені, Екатерина Парафиеваның қос аяғынан айырылуына бірден-бір себеп  Әл-Фараби даңғылындағы сынған люк. Ал, бұлар сол жолдағы құдық беттерін қадағалауға міндетті. Бірақ, коммуналшылар өздеріне шаң жуытар емес. Айтуларынша, апат болған күні де көшені түгелдей тексеріп шыққан. Әрі ешқандай кінәрат байқамапты.

Нұржан Қаңтарбаев, «Алматы тазалық» МКК қызметкері:

- Сағат таңғы 6-да аралаймыз. Сол Әл-Фараби, берілген участок бойынша. Ол кезде ешқандай сынық несі жоқ, сағат 11-де бір қарап шықтық.

Ал, люктің қашан сынғанын ешкім білмейді. Оны анықтау да мүмкін емес сияқты. Өйткені, сынған темірді сол күні қалпына келтірген қызметкерлер, артынша оны қоқыс полигонына лақтыра салған. Осылайша, айғақтан құтылып, істі жылы жауып қойыпты.

Ғани Мырзаханов, «Алматы тазалық» МКК басшысы:

- Неге сынғанын анықтамайсыз ба сонда?  Жоқ бізге керегі жоқ оның. Бізде техникалық спецификация бойынша жазылған, егер қоршау жоқ болса біз оны ауыстыру ғана жазылған. Неге жоқ, ұрланып кетті ма, жоқ басқа жағдайда орын алды ма онда біздің шщаруамыз жоқ.

Бүгін «Алматы тазалықтың» басшылары тек куәгер ретінде жауап берді. Бірақ, сынған люкке қатысты қосымша қылмыстық іс қозғалды. Сондықтан, кінәсі дәлелденсе, коммуналшылардың да жазалануы мүмкін. Ал, әзірге бар кінә автобус жүргізушісіне артылып отыр. Бұл жантүршігерлік жол апаты 5 ай бұрын Әл-Фараби даңғылында болған. Ол кезде Екатерина Парафиева тізгіндеген көлік ашық люкке түсіп, дөңгелегі жарылған еді. Сөйтіп, жол ортасында тоқтап қалған машинаға өзге көлік келіп соғылған. Бұл апат автобустың кесірінен болды деген болжам бар. Бірақ, қоғамдық көлік жүргізушісі кінәсін мойындамай отыр.

Дәурен Жаңабаев, айыпталушы:

- Видеода көрініп тұр ғой, мен екінші жолақпен  келе жатып, Тойота камри менің алдыма шыққан кезде, менің үшінші жолаққа ауысқаным көрініп тұр ғой.

-Айыпталушы сол күні мектеп оқушыларын қыдыртып әкеле жатқан. Алайда, бала тасымалдауға арнайы рұқсаты болмапты. Әрі заңсыз жұмыс істеп келгенін де өзі айтып берді. Енді оның кінәсі дәлелденсе бас бостандығынан айырылып қана қоймай, 20 миллион теңге өтемақы төлеуі керек. Парафиева өмір бойына мүгедек болып қалғаны үшін моральдық шығын ретінде осынша қаржы талап етіп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде