{metadescription}
Астанада ірі сауда орталығының кәсіпкерлері наразылық білдірді
Астанада ірі сауда орталығының кәсіпкерлері наразылық білдірді

Астанада ірі сауда орталығының кәсіпкерлері наразылық білдірді

Астанада ашынған кәсіпкерлер наразылық білдірді. Қаланың қақ ортасындағы ірі сауда орталығын коммерциялық банк, иелерінен тартып алмақ. Бүгін сот орындаушылар «Жетінші континенттегі» бутиктердің барлығының есігіне құлып салады. Ал ертеңнен бастап ондағы мыңнан астам сатушы мен кәсіпкерлер далада қалғалы тұр.

Астаналық кәсіпкерлер адал ақшаға алған сауда нүктелерін қорғап, екі жылдан бері соттың табалдырығын тоздырумен келеді. Бүгін үмітіміз үзілді дейді олар. «Жетінші континеттің» иелері қолдарына соттан келген ескерту қағазды алып, не істерлерін білмей шулап жүр. 

Әйгерім Бижігітова, кәсіпкер:

-Бүгін сот орындаушысы  келіп, 1-тен 22-ге дейін барлығын босатыңыздар деген. Жәйден-жәй өзім терге еңбектеніп алған жерді "Нұр банкке" бере салуым кере пе? Кезінде ұйықтап қалған адам сияқты. Менің ойымша, бұл рейдерлік әрекет.

Яғни, бүгін орталықтағы соңғы жұмыс күні. Сот орындаушылары әр бутиктің есігіне мөр басып, иелеріне кіруге тыйым салады. Сәйкесінше, мыңнан астам адам нанын тауып отырған орталықта сауда да тоқтайды. Бірақ соттан әділдік таппаған кәсіпкерлер оңайлықпен беріспейміз деп отыр.

Мұхтар Тулақбаев, кәсіпкер:

- Заңды түрде сатып алған мүлігіміз. Біз оны бермейміз. Үкіметтен банктер сияқты ақша сұрап отырғанымыз жоқ. Мүлкімізді өзімізде қалдырсын.

«Жетінші континентегілердің» жағдайы әртүрлі. Біреулер үйін сатып, енді беру миллиондаған несиге бутик алған.ал сот сауда орталығын  қожайындарының келісімінсіз нысанды салған құрылыс компаниясының атына аударып жіберген. Қазір ол мекеменің есігі жабық тұр. Компания басшысын кәсіпкерлер де таппай жүр.  

Нұрбосын Асанберді, кәсіпкер:

-Әр қабатқа әртүрлі шешім шығарады. Себебі, 22 қабаттың  ішінде 18 қабат  бар. Бізден алып қойды, 18 қабатты  қалдырды. Бір проблема, бір жағдай. Бірақ шешім әртүрлі. Себебін ешкім түсіндіре алмайды.

Жалпы, «Жетінші континенттегі» дау екі жыл бұрын басталған. Нысанды салған құрылыс компаниясы оны кепілге қойып, миллиондаған несие алған екен. Сол ескі қарызды коммерциялық банк енді даулап отыр. Ал, құрылыс компаниясы орталықты сатып жіберген. Бірақ,  құжатта ғимарттың банкте кепілде тұрғанын көрсетпепті. Енді екі ортада кәсіпкер көлемі жүздеген шаршы метр болатын бутиктерінен айырылмақ.  Коммерциялық банк «Жетінші континет» деп аталатын көпқабатты тұрғын үйді де тартып алмақ болған. Ол кезде банк пәтер иелерін шетінен сотқа берген еді. Кейін жұрттың жаппай наразылыған кейін банк шағымдарын кері қайтарып алған-ды.

-Сауда орталығының иелері жиналып, сот орындаушыларын күтіп жүр. Олар бутиктерінің есігіне ешкімді жолатпаймыз дейді. Нысанды түнімен күзетпек. Және бутиктерді сатып аларда бәрі заңды деп анықтама берген  Әділет министрлігі мен халыққа қызмет көрсету орталығын да  сотқа бермеміз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде