{metadescription}
Білім министрлігі Есеп комитетінің айыптауына жауап берді
Білім министрлігі Есеп комитетінің айыптауына жауап берді

Білім министрлігі Есеп комитетінің айыптауына жауап берді

 

Білім министрлігі аймақтардағы мектеп жабдықтарын түгендемек. Осы арқылы бюджеттен бөлінген миллиардттардың дұрыс игерілгенін дәлелдемекші. Өйткені, ведомстваға аудит жүргізген Есеп комитеті біраз қаржылық былықтың бетін ашқан болатын. Яғни, шенеуніктер 43 миллиард теңгені жөнді жарата алмаған болуы мүмкін.

Бибигүл Асылова, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

-Қазір тиісті комиссия құрылып, облыс аудандарға тексерумен барады. Өйткені, мектептерге алынған жабдықтар тізімге кірмегендіктен, есепке алынбай қалған болуы мүмкін. Енді соның салдарынан қаржылық заңбұзушылықтар шығып жатыр. Кінәлілер болса, жазаға тартылады.

Осылай деген вице-министр миллиардтардың қайда жұмсалғанын да түсіндіріп берді. Яғни, қыруар қаржының 31 миллиарды «e-lerning» жүйесіне бөлінген дейді. Білім ордаларын жаңа технологиямен қамтитын бағдарлама бойынша мыңдаған компьютер алынған. Ал, қалған қаржы жаңа мектеп салып, ескіргендерін жөндеу үшін жергілікті әкімдіктерге беріліпті. Бір айта кетерлігі, министрдің орынбасарлары ведомствадағы қаржылық былықтың 2016-шы жылға дейін болғанын айтып, Ерлан Сағадиевке шаң жуытқан жоқ. Ал Есеп комитеті Білім мнистрлігіндегі қаржылық заң бұзушылық бойынша істі құқық қорғау органдарына жіберіп қойған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде