{metadescription}
Халыққа қызмет көрсету орталығындағы дауға Ақпарат министрі араласты
Халыққа қызмет көрсету орталығындағы дауға Ақпарат министрі араласты

Халыққа қызмет көрсету орталығындағы дауға Ақпарат министрі араласты

Дәурен Абаев «азаматтар туралы құпия мәліметке рұқсатсыз қол сұғуы қызметкер ғана емес басшылардың да кінәсі» деді.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникация министрі:

-Болған оқиғаға қатысты әділ  шешім шығады деп сенемін. Комиссияның қорытындысын ақпарат құралдарында жариялау керек. Бұл жағдай көп мәселенің шетін шығарды.  Абылай Есенұлы, сіз жас басшысыз. Басқаруда тәжірибеңіз жеткіліксіздеу екенін мойындау керек.  Сондықтан, ұсыныстар күтеміз.

Абаевтың меңзеп отырғаны Азаматтарға арналған үкімет корпорациясының төрағасы. Министр мемлекеттік корпорация басшыларына он күннің ішінде осындай заңбұзушылықтың алдын алуға бағытталған жоспар әзірлеуді талап етті. Және жеке мәліметтерге қатысты тұрғындардан түскен әр шағымды жітіт тексеруді тапсырды. Естеріңізге салсақ, алматылық Анна Димитриевич қаладағы Халыққа қызмет көрсету орталығының бірінде әлдекімнің өзі жайлы рұқсатсыз анықтама алғанын біліп қойған еді. Орталық мамандары оның мекен-жайы мен мүлкі туралы мәліметті банктің сұрауы бойынша келген әлдебір қызметкерге шығарып берген. Осы жанжалдан соң Алматыдағы халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы мен қызметкері жұмыстан қуылды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде