Ақтөбеде қара алтын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың ісі сотқа жетті
Басты айыпталушы - «Ағайынды төртеу» деген лақап атпен танымал топтың серкесі Еркін Ізбасар.
Автор: Жаңалық Ахаш
07.11.2017
Ол жанына 20-дан астам жігітті жинап, ұрланған мұнайды жалған құжаттармен жан-жаққа сатып отырған. Түскен қаржысының бір бөлігін экстремистік ұйымдарды қаржылдандыруға жұмсады деген де болжам бар. Ал Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Рахат Аханов қолдау көрсеткен. Ол да енді сот алдында жауап беруі тиіс. Бұл қылмыстық топ мүшелерінің ұсталғанына келер айда бір жыл болады. Осыншама уақыт істің созылғанына қарағанда тергеудің оңайға соқпағаны анық. Ол үшін министрлік деңгейінде төрт бірдей мекемеден мамандар тартылды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінен бастап, қаржы полицейлері мен ішкі істер министрлігінің өкілдері осы топтың қылмысын әшкерелуге жұмылдырылған.
Айнұр Аманқұлова-Нұраддинова, Ақтөбе облыстық прокуратурасының ресми өкілі:
-Қылмыстық топ құру, оған басшылық ету, оған қатысу, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жататын баптармен айыпталды. Қазіргі таңда қылмыстық іс Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитетінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жедел тергеу тобымен Ақтөбе облыстық прокуратурасының процессуалдық прокурорлар тобымен тергеп тексерілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!