Банкте ақша сақтайтындар азайған
Былтырғымен салыстырғанда тапқан таянғанын қаржы ұйымына сеніп тапсыратындар анағұрлым сирей түсіпті.
Автор: Аруна Ортай
07.11.2017
Ұлттық Банктің мәліметінше, соңғы төрт жылда депозиттердің саны тек өсумен болған. 2013-ші жылы екінші деңгейлі банктер депозитке 3,8 триллион теңге қабылдаса, ал былтыр бұл көрсеткіш 7 триллионнан асты. Яғни, депозиттер жылда кемінде 1 жарым триллионға толығып отырған. Ал биылғы көрініс қаржыгерлерді қуантып отырған жоқ. Өйткені, салымшылар биыл тек 941 миллион теңге тапсырған. Нәтижесінде, депозит қоры 8,2 триллион теңгеге ғана толығып отыр. Тіпті, салым мөлшері ең төмен деген депозиттердің өзі сұранысқа ие болуды қойыпты. Біреулер мұны банктерге деген сенімнің жоғалуымен түсіндірсе, енді буреулер салымдарының үстіне қосылатын сыйақының азаюымен байланысты дейді. Ұзақ мерзімді депозиттердің жылдық сыйақысы 14 пайыз болуы- банктер үшін тиімсіз. Сондықтан көптеген қаржы ұйымдары салымшылардың қаражатын 12 жарым пайыздан артық өсіріп бере алмай отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!