{metadescription}
Мемлекет РБК банкке миллиардттап қаржы құймақ
Мемлекет РБК банкке миллиардттап қаржы құймақ

Мемлекет РБК банкке миллиардттап қаржы құймақ

Үкімет сазға отырған кезекті банкті құтқарады. Бұл жолы РБК банкі құрдымға кетудің алдында қалып, мемлекеттің көмегі дер кезінде жетіп отыр. Жағдайдың осынша ушығуына қаржы ұйымы әкімшілігінің өзі кінәлі. Банктің 600 млрд теңге көлемінде қайтпай қалған несиелері бар. Десе де, Ұлттық банк бүгін РБК-ға екінші өмір сыйлады. Ал келесі бір банк, керісінше реттеуші органның қаһарына ұшырады. Дельта Банктің тағдыры соттың тиісті шешіміне қарап тұр.

-Әріптесіміз Азамат Алдоңғаров банк секторындағы соңғы жаңалықтар туралы айтып беруге дайын. Азамат, қайырлы кеш! Үкімет үмітті ақтамаған банктерге тағы ақша құймақшы ма? Бұл жолы кімге, қанша береді?

-Иә, расында, Қазақстанда несиені оң-солды таратып, қайтара алмаған банктерге, халық сорлайды деген себеппен қазынадан ақша бөлдірту соңғы жылдарда қалыпты жағдайға айналды. Бұл жолы РБК банкі Ұлттық банктен 240 млрд теңге ақша сұрап отыр.

Банкрот болуға шақ қалған кезекті банк туралы хабар өткен жұмада президентке де жетті. Мемлекет басшысы да РБК-ның күйінен хабардар екен. Жауаптылар жазаға тартылсын деп бұйрық бергені сол еді, Үкімет пен Ұлттық банк екі-үш күнде шешім тапты.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:

– Банктің 600 млрд теңгеге бағаланған проблемалы несиелер портфелі бейтарап ұйымға беріледі. Осылайша банк мәселелі несиелерінен құтылады. Оңалту Ұлттық банктің бұрын берген несиесі мен квазимемлекеттік компаниялардың ақшасы есебінен жүреді. Сондай-ақ инвестор қосымша 160 млрд теңге құяды.

-Азамат, бейтарап ұйым деген не? Оның бұл мәселеде қандай пайдасы бар?

Сау басына сақина тілеп алған бейтарап ұйымның артында кім тұрғаны белгісіз. Сондықтан оның көздеген пайдасы туралы да айту қиын. Бір анығы, кібіртіктеген РБК-ны қайта тірілтуге 160 млрдын аямаған жомарт - Қазақмыс корпорациясы. Жығылған қаржы ұйымын мемлекеттің үш жақтап қолтықтауының себебі  28 мың адамның қамы десті. Олар РБК-ға 188 млрд теңге ақшасын салыпты.   

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:

– РБК, банк секторын сауықтандыру бағдарламасына қосылады. Осы шаралар іске асқан соң, біз РБК банкті тап-таза күйінде сақтап қаламыз. Нәтижесінде төлем мүмкіндіктері де, қоры да жеткілікті болады. Кейін ешқандай проблема туындамайды.

-Азамат, өткен жылы дәл осындай халге түскен Қазинвест банкпен Ұлттық банк оп-оңай қош айтыспап па еді?

Иә, рас, Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктерді алалап алып қалу саясатын түсіну қиын. Өткен жылы Ұлттық қордан банк секторын сауықтандыруға 2 трлн теңге бөлініп, Үкіметтің Қазкомға араша түскені де есте. Бірақ Қазинвест банктің ізімен бүгін Дельта Банк те құрдымға кететіні белгілі болды.

-Дельта банктің 300 млрд теңге көлеміндегі несиесінің 99,7 пайызы қайтарылмай отыр. РБК-ның 600 млрд несие портфелінен екі есе кем болғанымен, банктің жолы болмады демеске амал жоқ. Тағы бір айта кететіні, РБК акционерлері мен өз араларында талан-таражға түскен млрд-тар бойынша сараптама жасалып, президент меңзеген кінәлілер туралы ақпарат құқық қорғау органдарына жақын арада тапсырылады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде