Отандық дәрігерлер жүрекке пышақсыз ота жасауды үйреніп жатыр
Енді жүректің жиі соғысы радио толқынмен емделеді. Бір сөзбен, жанды мүшенің дерті күйдірілмек.
Автор: Азамат Алдоңғаров
08.11.2017
Аритмия арнайы технологиямен анықталады. Дәрігерлер жүректің үш өлшемді жобасын түсіріп, сырқатты тұсын табады. Ота күрделілігімен қатар, бірталай қаражатты қажет етеді. Бір отаның құны 1,5 млн теңге шамасында. Сондай-ақ мемлекеттік квота бар. Қазір кезекте 30 мың адам тұр. Ұзын кезектің себебі - ота Астана мен Алматы қалаларында ғана жасалады. Бүгін ресейлік мамандар біздің дәрігерлер үшін Президент іс басқарамасы медициналық орталығының базасында шеберлік сағатын өткізді. Аритмологтар бұл тәсілдің қауіпсіздігімен қатар жоғары нәтижелілігін ерекше атайды.
Сергей Атеменко, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің кардиология ортылығының жетекшісі:
- Ота кезінде пациенттерге наркоз жасалмайды, ояу жатады. Дәрігермен емін-еркін сөйлесіп жата береді. Бұл біз үшін науқастың жағдайын бақылап отыру үшін өте маңызды. Тек қана ауруды басатып екпе жасалады. Ем нәтижелілігі 80 пайызға дейін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!