{metadescription}
Қызылордада күннен күнге семіріп бара жатқан қыздың ата-анасы елден көмек сұрады
Қызылордада күннен күнге семіріп бара жатқан қыздың ата-анасы елден көмек сұрады

Қызылордада күннен күнге семіріп бара жатқан қыздың ата-анасы елден көмек сұрады

Өте сирек кездесетін ауруға шалдыққан Қызылордалық 9 жасар науқас қызға шұғыл көмек қажет. Осы жасында оның салмағы 72 келі. Ал, отандық дәрігерлер күн сайын толып бара жатқан Ділназды емдеуге қауқарсыз. Ал Түркиядағы ақ халаттылар оның сауығып кететініне кепілдік берген. Бірақ, онда барып ем алуға қыздың анасы ақша таппай отыр. Сондықтан ол қайырымды жандардан көмек сұрауға мәжбүр.  

Ділназдың дерті ана құрсағында жатқанда белгілі болған. Дәрігерлер Гүлнар Әбдіхалықоваға, миына су жиналған шақалақтан құтылуға кеңес беріпті. Бірақ, келіншек бауыр еті баласын өлімге қимаған. Содан бері жалғыз басты ана перзентін аяғынан тұрғызуға жанталасып келеді. Қазір Ділназдың жасы тоғызда, ал салмағы – 72 келі.

Гүлнар Әбдіхалықова, Ділназдың анасы:

-Салмағы тоқтамаса, өте қиын болып тұр. Суға түсіру, далаға шығару. Бұрын ходунокке отырғызып жүргізетін едік, одан да қалды. Сыймайды ходунокке, жүре алмайды салмағы өскеннен кейін

Одан бөлек, оның гармондық дамуы бұзылған. Көзі де нашар көреді. Дене мүшесінің сол жақ бөлігі де қимылсыз. Сондықтан ас-ауқатты өзі іше алмайды. Дертіне қарамастан Ділназ өте зерек дейді анасы. Үйінде оқытылатын қыз ағалшын мен есепке жүйрік екен.  Өкінішке қарай, жеткіншекті аяғына тұрғызуға отандық дәрігерлер дәрменсіз.  Осы уақытқа дейін оған бірнеше ота жасалған. Бірақ, нәтиже жоқ.

Жәзира Ережепова, дәрігер:

-Диспансерлік есепте тұрады. 2008 жылы желтоқсан айында алғашқы рет шунто ота жасалған. 2009 жылы шілде айында екінші рет шунто отасы жасалып, содан кейін 2013-2015 эыджары Астана қаласындағы нейрохирургия орталығында ем алған.

Науқастың ендігі үміті түркиялық ақхалаттыларда. Алайда оған баруға бұлардың жағдайы жоқ.

-Тексеретін аппарат Қазақстанда жоқ екен. КСФ мониторинг дейді. Сол аппаратқа басын тексертіп, сосын барып баланың неліктен салмағы өсіп жатқаны белгілі болады деді. Баламызды сол қаражатымыз жетпей, Түркияға апара алмай жатырмыз.

Науқас перзентін бағып отырған жалғыз басты келіншектің жұмыс істеуге мұршасы жоқ. Қазіргі күнкөрістері сол Ділназдың мүгедектігі үшін берілетін 59 мың теңге ішіп-жемнен де артылмайды. Ал, перзентін емдетуге 2 жарым млн. теңге керек. Сондықтан ол жомарт жандардан жәрдем сұрап отыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.