Кішкентай баланың денсаулығына салғырт қараған аурухана басшысы жұмыстан қуылды
Сәби өліміне әкеп соқтырған жағдайға қатысты тексеріс жүргізген Алматы облысы Жамбыл аудандық денсаулық сақтау саласы мамандары осылай деп отыр. Сондай-ақ, Қазыбек бек ауылдық ауруханасының педиатрына қатаң сөгіс жарияланған.
Автор: Аида Мағыпар
08.11.2017
Гүлзада Ошақбаева, Жамбыл аудандық орталық ауруханасының педиатры:
- Қанатбай Ұлар есімді сәбидін ауырғаны мен өлгеніне қатысты ресми тексеру жүргізілді. Басшылық ем-дом көрсетпеген педиатрды жұмыстан қуу туралы шешім шығарды. Алайда, ауыл тұрғындарының өтініші бойынша орнында қалып, қатаң сөгіс жарияланды. Қазіргі таңда дәрігерді оқуға жібердік. Ал ауылдық аурухана басшысы жұмыстан қуылды.
Осы оқиғадан кейін бас дәрігері ауысқан ауылда қазіргі таңда дәрігерлік бақылау күшейіпті. Барлық балалар топтарға бөлініп, диспансерлік бақылауға алынған. Тіпті, дәрігерлер шақырусыз-ақ үй-үйді аралап балалар денсаулығын тексеруге кіріскен. Айта кетейік, бір ай бұрын Алматы облысында бір жарым жастағы сәби дер кезінде дәрігер көмегін ала алмай шетінеп кеткен болатын. Осы жайтқа қатысты аудандық денсаулық сақтау бөлімі қызметтік тексеріс жүргізген еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!