Атырауда қоқыс арасынан кесілген бастар табылды
Сиырдың 40-қа жуық басын қалдық таститын «Арнаулыавтобаза» мекемесінің жұмысшылары көріпті.
Автор: Жанар Низамутдинова
08.11.2017
Сиырлардың барлығының тілдері кесіліп алынған. Және құлақтарында сырғалары да бар. Қанның әлі қатпағанына қарағанда, сойылғандарына да әлі көп уақыт өте қоймаған секілді. Қазіргі уақытта табылған бастардың барлығы жойылған, яғни өртелген. Ал,30 сиырдың құлағындағы сырғалары бойынша олардың кімге тиесілі екендігі анықталып жатыр. Әзірге сойылған малдардың кейбірінің иесі табылыпты. Олар сиырларын сатып жібергендерін айтқан. Дегенмен, осы дерекке қатыстцы тәртіп сақшылары ұрлық бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Назымгұл Қайсағалиева, Атырау облыстық ІІД баспасқз қызметінің жетекшісі:
-Қазір Қызылқоға ауданының 3 азаматы анықталды және Құрманғазы ауданындағы 5 сиырдың иесі анықталып, бұдан бөлек сиырлардың қай жерде, қай уақытта кіммен сойылғандығын анықтау жұмыстары жүргізілетін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!