{metadescription}
Алматыда банк ғимаратына жөндеу жасағандар жалақыларын ала алмай жүр
Алматыда банк ғимаратына жөндеу жасағандар жалақыларын ала алмай жүр

Алматыда банк ғимаратына жөндеу жасағандар жалақыларын ала алмай жүр

"Аймақ строй" мердігер компаниясының бригадирі уәде еткен авансты төлемек түгілі, қол астындағыларды боқтап, қорқытады екен. Ашынған жұрт бүгін сол басшыларын жағадан алуға дейін барды. Есіктерінің алдындағы айқайдан құрылыс фирмасының басшылары түгілі, тапсырыс берген банкирлер де шошып, екі ай табылмаған қаражат та екі сағатта-ақ табыла кетті.

АТФ банкке жапсарлас соғылған бір қабатты бұл ғимарат- мекеме мұрағаты. Қыркүйектен бері ішкі жөндеуге білек сыбана кіріскендер екі айғы еңбектің еш кеткенін енді түсіндік дейді. Банкте бес бересі, алты аласы болмағанмен, мердігердің немқұрайлығы мезі еткен.

Айлық алмаудың азабын айтам дегендермен ә дегенде тілдесу мүмкін болмады. Күзет кіргізбей килігіп, іштегілерді тысқа шығармауға тырысты. Сылақшы Жанар Жүзкенова бригадирдің құйтырқылығынан қажығанын айтады. О баста уәде етілген 240 мың теңгенің тек 24 мыңы қолына тиген. Қалғанын бермек түгілі, қорқытуға көшті-дейді.

Жанар Жүзкенова, сылақшы:

-Екі жігіт әкеліп қорқытты. Маған рэкет әкеліп керегі жоқ. Керек десе өзім рэкетпін шынын айтқанда. Ақшамды сұрасам, аузына келгенін оттайды. Солай жұмыс бола ма? Біз олай келіспегенбіз біреудің боқтығын естуге.

«Аш бәледен қаш бәле» дегендей АТФ банк өкілдері де дереу жетіп, «Аймақ строй» мердігер компаниясының басшысынан бастап, дауға себепкер бригадирді осында шақыртты. Бірақ, олар өз айыбын мойындағысы жоқ.

- Үп-үлкен кісі сондай тірлік істей ме? Ондай ешнәрсе болған жоқ. Өтірік айтады.

Жағдайдың тігісін жатқызу үшін банк өкілдері де әңгімеге араласты. Ақша да сол мезетте табыла қойып, базыналарын айтамыз деп ашынғандар айналдырған жарты сағаттың ішінде сабаларына түсті.

Ернат Дүйсенбек, құрылысшы:

-Банкке ешқандай қояр талабым жоқ. Банктың директорына да, фирманың директорына ешқандай арызым жоқ.

-Екі ай бойы шешімін таппаған жалақы мәселесі, осылайша екі сағаттың ішінде шешілді. «Аймақ строй» мердігер компаниясы жағдайдың жай-жапсарын анықтап, айлықтарын төлейтіндерін жеткізді. Ал, бұл кезекті бос уәде болса, жұмысшылар енді құзырлы органдарға шағымданамыз деп бекініп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.