{metadescription}
Павлодар облысында денесі табылған  келіншектің өліміне туыстары күйеу баласын кінәлап отыр
Павлодар облысында денесі табылған  келіншектің өліміне туыстары күйеу баласын кінәлап отыр

Павлодар облысында денесі табылған келіншектің өліміне туыстары күйеу баласын кінәлап отыр

Павлодар облысында бір жыл бұрын ұшты-күйлі жоғалып кеткен Дарья Николаеваның денесі жер қойнына тапсырылды. Марқұммен қоштасуға туыстарымен бірге жерлестері де келді. Былтыр қазанда бұрынғы күйеуімен кездесуге кеткен 28 жастағы келіншек үйіне сол күйі оралмаған. Ал жиендеріне бас-көз болып қалған анасы енді қызының өліміне бұрынғы күйеу баласын кінәлап отыр. Биыл қыркүйекте Ертіс өзенінен табылған әйел денесінің Дарья Николаеваға тиесілі екенін анықтаған полицейлер қазір адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады. Марқұмның артында қалған қос ұлының тағдырын...

ді сот шешуі тиіс.

Тұңғыш қызын бір жыл жоқтаған Вера Николаева бүгін оны жер қойнына тапсырды. Марқұм Дарья Николаевамен қоштасуға оның туыстары мен ауыл тұрғындары да келді. Былтыр қазанда үйден шығып кеткен келіншек сол күйі оралмаған. Ал немерелеріне бас-көз болып қалған анасы енді оны өлтіріп тынғандардың жазасыз қалмауы тиіс деп отыр.

Марқұмның туыстарының айтуынша, Дарья аудан орталығына бұрынғы күйеуімен кездесуге кеткен. Келіншекті соңғы рет куәгерлер де сондағы дүкен маңайынан көрген екен. Бұдан соң ұшты-күйлі жоғалған 28 жастағы әйелді іздеуге жақындарымен қоса еріктілердің де жұмылдырылғанын айта кетейік. Бір жылдан соң суық хабарды естіген туыстары бәрін Дарьяның бұрынғы күйеуінен көріп отыр.

Людмила Махлеит, марқұм Дарья Николаеваның әпкесі:

- Кездесуге бұрынғы күйеуі шақыртып алды ғой. Одан соң Дарья ғайып болды. Алдап алып кетіп, өлтірген. Одан басқа ешкім де емес. Балаларды тартып алам деп қорқытатын. Осылай жасағанына сенімдіміз.

Ал Дарьяны кездесуге шақырған бұрынғы күйеуі Николай Дубинин мен оның туыстары марқұмды ақтық сапарға шығарып салуға келмеді. Десе де, бұл жайтқа еш қатысымыз жоқ деп ат-тонын ала қашты.

Наталья Дубинина, Николай Дубининнің анасы:

- Бұл іске біздің еш қатысымыз жоқ деп нақты айта аламын. Ұлым бұрынғы келініммен кездескен, екеуі сөзге келіп, ол үйге қайтып оралған. Ал әйелі өз жөнімен кеткен. Ұлымның өз балаларының анасына қол тигізуі мүмкін емес.

Биыл қыркүйекте Ертіс өзенінен табылған әйел денесінің кімге тиесілі екенін білмеген полицейлер бұл үшін арнайы сараптама тағайындаған еді. Өйткені, Дарья Николаеваның туыстары суда жатып әбден шіріген мүрдені тани алмай, үйлеріне оралған. Ақыры сараптама нәтижесін қолдарына алған тәртіп сақшылары қазір адам өлтіру бабы бойынша іс қозғап, тергеуді бастады.

Әділет Кенжебаев, Павлодар облысы ІІД тергеу басқармасының бөлім бастығы:

– Табылған мүрденің сүйегі мен тісінен анализ алынды. Молекулярлық-генетикалық сараптама нәтижесі бойынша бұл дене былтыр Қашыр ауданында жоғалған Дарья Николаеваға тиесілі. Қазір адам өлтіру бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Ал шешесін бір жыл көрмеген бүлдіршіндердің бірі қазір үш, екіншісі төрт жаста. Анасын әсіресе туғанынан демікпе ауруына шалдыққан кішкентай Виталий жиі іздейді екен. Ал есі кіріп қалған Семен оны анамыз жақында келеді деп әлі де жұбатумен жүр.

-Бір жылдан соң судан табылған Дарья Николаеваның қол-аяғы байланып, басына қап кигізелген екен. Бұған қоса, марқұмның мойнына кірпіш те ілінген көрінеді. Әйелді соңғы рет көрген бұрынғы күйеуі қазір бұл іс бойынша басты куәгер ретінде тергелуде. Ал келіншектің артында қалған екі баласы әзірге оның анасының тәрбиесінде. Қос бүлдіршіннің ендігі тағдырын сот шешуі тиіс. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде