Ақтөбеде қызыл балық пен қара уылдырыққа қызыққан шенділер шатылып жатыр
Дардай подполковниктер жеңісік асты заңсыз сатқандарды жазалаудың орнына, керсінше броконьерлерді бопсалаған.
Автор: Жаңалық Ахаш
08.11.2017
Қазір аймақтағы ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы бастығының орынбасары Абай Дәулетов бастаған топ сот алдында жауап беруде. Оның қасында қарамағындағы екі бөлімнің бастықтары мен қатардағы қызметкері отыр. Марат Баев есімді тағы бір сыбайласы қашып кеткен. Оған іздеу жарияланды. Бұл бесеу Айгүл есімді саудагерді араға салып, заңсыз балық пен уылдырық сататындарды іздеген. Ақшаға құныққан тәртіп сақшылары алдымен екі жүз келі бекірені заңсыз Ақтөбеге әкелген оралдықты ұстайды. Артынша қара уылдырық жеткізген атыраулық әжейді ұшақтан түскен бойда күтіп алыпты. Бірақ оларды ақша берсе іс қозғамайтындарын айтып сендіреді. Ал, тәркіленген жеңсік астарды брононьерлерді ұстауға көмектескен келіншекке сатып беруге бұйырған. Жәбірленуші ретінде сотқа шақырылған сол саудагер процесс кезінде осының бәрін жайып салды.
Айгүл Орынбасарқызы, жәбірленуші:
-Балқожаев Нұрлан деген жігіт арқылы маған хабарласты. Қылмыскерлерді ұстауға көмектесуімді сұрады. Кейін күдіктілерден алынған заттарды өткіз деп бұйырды. Онымен қоймай ақша талап етті. Бұйрықты орындамасаң жағдайың қиын болады деп қорқытты. Мұның бәрін Балқожаев маған жігіттер айтты деді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!