{metadescription}
Алматыда төтенше жағдай: Тұрғындар жойқын жарылыстан қалай аман қалғандарын айтып берді
Алматыда төтенше жағдай: Тұрғындар жойқын жарылыстан қалай аман қалғандарын айтып берді

Алматыда төтенше жағдай: Тұрғындар жойқын жарылыстан қалай аман қалғандарын айтып берді

Темір жолдың тұйықталған жерінде екі вагон рельстен шығып кетіп, біреуі жанармай  бекетіндегі қойманың үстіне құлаған. Дизель отыны мен бензин сақталатын жер асты қоймасына құлаған вагон бос болса, екіншісіне қара метал тиеліпті. Құдай сақтап, адамдар дін аман! Өрттің  тұтануы мен жарылыстан қауіптенген құтқарушылар арнайы көбік шашып үлгеріпті. Ал, маңайдағы көпқабатты үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген.

Апат болаған болған Бөкейханов көшесі қазір жабық. Əрі-бері ағылған халық əлі де иманын үйіріп жүр. Себебі, айтпай келген апаттан жарылыс болса, күліміз көкке ұшатын еді деп, қорқыныштарының сейілмегенін айтады.

Валентина Кирьянова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Бізге жай ғана шығыңдар, кетіңдер деді. Жұмыстарымызды аяқтаймыз деп айтты. Не болып жатыр, о жағын біле алмадық. Осы жердегі үш-төрт жарылыс болса, саудамыз бітті деңіз.

Қос бірдей жүк вагонының қосақтала қаңғалақтап, темір жолдың тұйық тұсын қалай бұзып өткені əзірге жұмбақ. Алдыңғы бос вагон жанармай бекетіндегі дизель отыны мен бензин сақталатын жер асты қоймасынын үстіне құласа, қара метал тиелген екіншісі иін тіресіп əрең тоқтайды.

-Апаттан зардап шеккендер жоқ. Алайда, оқиға орнына жеткен төтеншеліктер жақын жердегі көп қабатты үйден 30 адамды қауіпті жерге көшіреді. Олардың 5-і кішкентай бала екен. Дәл қазір екі вагонның бірін теплавозға тіркеп, әкеткелі жатыр. Ал, дизель отыны бензин сақталатын қойманың үстіне құлаған ваогнды көтеру үшін арнайы техника келеді деп күтіліп отыр. Сондықтан төтенше оқиғаның түстен өте болғанын ескерсек, қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау үшін әлі талай уақыт тер төгеуге тура келетін түрі бар.

Апат орнында құзырлы орындардың бәрі жүр. Өрт сөндіретін арнайы төрт техника жеткізілген. Тіпті, жарық беретін жақын маңдағы екі қосалқы станция да ажыратылған. Сондықтан, алаңдайтын дәнеңе жоқ дейді мамандар.

Жеңісбек Бозбаев, Алматы қалалық ТЖД өкілі:

-Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің жетекшілігі мен Жетісу аудандық әкімінің басшылығымен арнай штаб құрылды. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ешқандай қауіп жоқ. Жанармай төгілмеген.

Алайда, төтенше жағдайдан зәрезап болған тұрғындардың айтуынша, бұл апатты оқиғаның алғашқысы емес екен. Осыдан отыз жылға жуық бұрын дәл осы жерде апаттан бірнеше адам жан тапсырыпты. Одан кейін елдің есін алған тосын оқиғалар тиылмаған. Тұрғындар талай мәрте тұйық жолды алып тастауды талап етіпті. Тіпті, бұл жерге жанармай бекетінің де салынуына қарсы болған.

Айгүл Мапетпаева, Алматы қаласының тұрғыны:

-Олар жанармай бекетін біздің келісімінсіз салды. Қазір не болып жатқанын көріңіз?Жеті жасымда осы жерде жарылыс болғаны есімде жатталып қалыпты. Қазір балаларым үшін алаңдаймын. Әкішіліктен бастап бізге құлақ асқан емес. Тек, адам өлімі болса ғана беттері берің қарайтын шығар.

Қазір апаттың жай-жапсары тексеріліп жатыр. Алайда, суықтан қалтыраған тұрғындар қашан үйлеріне қайтатыны белгісіз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде