{metadescription}
Жамбыл облысында атыстан көз жұмған жігіттің отбасы ауылдастарының үстінен  арыз жазудан бас тартты
Жамбыл облысында атыстан көз жұмған жігіттің отбасы ауылдастарының үстінен  арыз жазудан бас тартты

Жамбыл облысында атыстан көз жұмған жігіттің отбасы ауылдастарының үстінен арыз жазудан бас тартты

Жамбыл облысында жаппай төбелес кезінде қарудан оқ атылып, бір адам ажал құшты. Бірақ марқұмның жақындары кінәліні жауапқа тартқызуға талпынып жатқан жоқ. Айтуларынша, бұл қайғылы оқиға абайсызда болған. Сондықтан оның үстінен құзырлы орынға арыз түсірмепті. Дегенмен, қару кезенген адам ұсталса, қалай болғанда да, жазаға тартылады. Өйткені қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Ал әзірге күдіктінің аты-жөні ғана белгілі. Оны тәртіп сақшылары екі күннен бері іздеп таппай жатыр.

-Құмтиын – шағын ғана ауыл. Сол елді мекендегі көшенің бірінде жаппай жаға жыртысу болған. Дәл мына мен тұрған жерде қарудан оқ атылып, жігіттер жұдырықтасқан. Олар төбелесіп қана қоймай, көліктерге де зақым келтірсе керек, өйткені машина әйнектерінің сынған бөліктері мұнда шашылып жатыр. Ал, көрші-қолаң иек астындағы жанжалды көрмедік-білмедік деп отыр.

Құмтиындағы жаппай төбелесте оқ тиіп қаза тапқан Қаракемер ауылының тұрғыны. Ауылда өрт сөндіруші болып істеген 30 жастағы жігіттің артында үш баласы мен жары қалды. Белгілі болғаны ол 24 қараша күні мерейтойын өткізбек болған. Бірақ, ол туған күніне 18 күн қалғанда бақилық болды. Марқұмның жақындары бұл қайғылы оқиға жайлы сөз қозғағысы келмейді. Тіпті олар күдіктінің үстінен шағым да түсірмеген. Ал жігітті өлтіріп кеткен адам әлі табылмай жатыр.    

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысық ІІД баспасөз хатшысы

-Күдіктінің жеке басы анықталды. Қазір іздеу шаралары жүріп жатыр. Жалпы төбелесте 10-ға жуық адам қатысқан. Өзге мәілімтеттерді тергеу құпиялығына байланысты айта алмаймыз.

12-ші калибірлі мылтықтан атылған бытырадан 9 адам жапа шеккен. Жеңіл жарақат алған жетеуі бірден үйлеріне жіберілсе, екеуі қазір ауруханада жатыр. Құмтиын ауылының 19 жастағы тұрғынының бірнеше жеріне оқ дарыса, Қаракемерлік 16 жастағы жасөспірімнің соққыдан басына қатты зақым келген.  

Жетпісбай Айқожаев, Жамбыл аудандық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі:

-16 жастағы баланың аяғында, жіліншігінде, санында көп оқ бар. Салдарынан қан кету, травматикалық шок. Екіншісі 19 жаста. Оның да бас миы шайқалған. Бүгінгі күні емін қабылдап жатыр.

Жарақат алғандардар тілшілермен тілдесуге құлықсыз. Ал аяғының бірнеше жеріне  оқ тиген 19 жастағы жігіттің анасы баласын ақтап әлекке түсті. Айтуынша, ұлының өзі өлім аузынан қалған. 

Ақмарал Жәмебаева, Құмтиын ауылының тұрғыны: 

 -Азанда тауып алдық баламды. Өзі жүре алмайды ғой. Өзімнің үйімнің шөптің арасынан тауып алдым. Қорқып шок болған ғой.

Жаппай төбелеске екі жігіттің ерегесі себеп болған. Такси ішінде сөзге келіп қалған олар Құмтиын ауылында топ болып жиналып, төбелеседі. Сол жерде атылған оқтан осындай қайғылы жағдай болып отыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде