{metadescription}
Сауд Арабиясындағы тұтқындаулар мұнай бағасына әсер етіп жатыр
Сауд Арабиясындағы тұтқындаулар мұнай бағасына әсер етіп жатыр

Сауд Арабиясындағы тұтқындаулар мұнай бағасына әсер етіп жатыр

Қара алтын қымбаттайды! Келер жылдан бастап Brent маркалы мұнайдың баррелі 70 долларға дейін жетуі мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, мұнай бағасының өсуіне Сауд Арабиясындағы корольдік отбасы мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қатысты қамауға алынғаны да себеп болмақ.

Дегенмен, экономикасы мұнайға тәуелді елдерге үміт сыйлайтын болжам жасаушылар басқа факторларды айтып отыр. Мәселен, өнімді қысқарту жөнінде ОПЕК шешімін өзгертпесе қара алтынның баррелі кемі 50 доллардан түспейді. Сондай-ақ, АҚШ тарапы 2018 жылы сұраныс артады деген болжамға тоқтап отырған көрінеді. «Осының өзі мұнай бағасы 60-70 доллар аралығында болатындығын айғақтайды» дейді сарпшылар. Естеріңізге салсақ, ОПЕК пен оның құрамына кірмейтін елдердің 2016 жылы жасаған Вена келісіміне сәйкес, мұнай өндіруді тәулігіне 1,8 млн баррельге қысқарту жөнінде шешім қабылданған. 2017 жылдың алғашқы жарты жылдығына жоспарланған бұл келісім келер жылдың наурыз айына дейін ұзартылды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде