Шымкентте елуге жуық құрылысшы 4 жылдан бері 4 айлық жалақысын ала алмай сабылып жүр
«ЮгСтрой Инженеринг» компаниясының жұмысшылары 2014 жылы су тазалайтын зертхана салып, бірақ сол еңбегі үшін көк тиын да алмапты. Былтыр маңдай тер ақысын даулап сотқа арыз түсірген соң судья жалақы өндірілсін деген шешім шығарған. Алайда бір жыл үш ай өтсе де, жеке сот орындаушылары міндетін атқарған жоқ деген жұмысшылар бүгін солардың кеңсесіне баса көктеп келді.
Автор: Бек Әбиев
09.11.2017
Алайда ашу шақырған жұрт іздеп келген сот орындаушысын таба алған жоқ. 47 жұмысшыға 16 миллион теңгеге жуық берешегі бар «ЮгСтрой Инженеринг» басшылығының бұлардан қашып жүргеніне бір жылдан асыпты. Үйінен таппай, телефоны өшірулі басшыны жұрт ұстаса түтіп жейміз деп ашуланады. Себебі, полиция, прокуратура мен еңбек инспекциясына сан мәрте шағым түсіргенімен, құзырлы органдар титтей де нәтиже шығара алмаған. Шымкент шенділерінің тісі батпайтынына көзі жеткен жұмысшылар енді Бас прокуратура мен Президент әкімшілігінен сауға сұрамақ.
Қайрат Данабеков, жұмысшы:
-Несием бар, 3 несием бар. Оны төлей алмай отырмыз. Уақытында төлей алмаймыз. Ақшаң болмаса несін төлейсің. Қарыздан қарызға батып жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!