{metadescription}
Таразда атышулы Мұрат Үмбеталиевтің ісіне қатысты алғашқы сот тыңдалымы өтті
Таразда атышулы Мұрат Үмбеталиевтің ісіне қатысты алғашқы сот тыңдалымы өтті

Таразда атышулы Мұрат Үмбеталиевтің ісіне қатысты алғашқы сот тыңдалымы өтті

Өңірге «Бамбук» лақап атымен белгілі, облыстық экстремизмге қарсы күрес басқармасының бұрынғы басшысы лауазымды әріптесі мен аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысын пышақтады деп айыпталған. Оның үстінен «екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірақ Үмбетәлиевтің өзі де, адвокаты да тағылған айыппен келіспей отыр.

Бұл сот процесі ашық түрде өтетін болды. Сондықтан алғашқы тыңдалымға тілшілер де қатыстырылды. Ал тергеу залынан сот залына жеткізілген Мұрат Үмбеталиев камерадан бет-жүзін жасырып әуреге түспеді. Бойында қобалжудың белгілері байқалмаған бұрынғы лауазымды полицей өзін сабырлы ұстады. Ол өзіне тағылған айыппен келіспей отыр.   

Адвокат та қорғауындағы азаматтың үстінен «екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу» бабы бойынша іс қозғалуына келіспейді. Айтуынша, лауазымды полицей бұл қылмысқа қаса қана бармаған.  Сондықтан Үмбеталиевті қылмыстық кодекстің жеңілірек бабымен жауапқа тартуды сұрап отыр. Сондай-ақ қорғаушының сөзінше, тергеу ісі әділ жүргізілмеген. Сол себепті адвокат судяьдан қылмыстық істі қайта тергеуге жіберуге өтініш білдірді.    

Талғат Бейісбеков, М.Үмбеталиевтің адвокаты:

-Тергеу әділ жүргізілген жоқ. Біздің көптеген өтініш хаттарды қанағаттандырусыз құлдырды. Біз облыс прокурорына да, бас прокуратураға да шағымдандық. Бірақ бәрін қанағаттандырусыз қалдырды.

Алғашқы тыңдалымда жәбірленушінің екеуі де көрінбеді. Адвокаттың айтуынша, Бектұрғанов пен Жетпісбаев ем алуларына байланысты келе алмаған. Олардың алдағы сот процестеріне қатысар-қатыспасы да әзірге белгісіз. Сондай-ақ бұл екі азаматтың қорғаушысы да судьяға өтініш хат жолдады. Оған Үмбеталиевті ақтау мақсатындағы бейнекөріністің әлеуметтік желіде тарауы себеп болған. Яғни, видео сот процесіне кедергі келтіруі мүмкін.

Ерлан Жамұрзаев, жәбірленушінің адвокаты:

-Меніңше, бұл дұрыс жасалмаған қадам. Бұл бейнероликті таратқандары өте орынсыз. Сондықтан ютубқа және әлеуметтік желіге тараған қылмыстық іске қатысы бар видеоны өшіруді сұраймын.

Бұл оқиға тамыз айында болған. Яғни, түн жарымда «Арай-Плаза» бизнес орталығы маңында білдей облыстық экстремизмге қарсы күрес басқарма басшысы мен криминалдық полиция басқармасы басшысы және байзақ аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі төбелескен. Жаға жыртысу кезінде Мұрат Үмбетәлиев, екі азаматты өткір затпен жарақаттаған болатын. Сөйтіп, өзі қашып кетіп, бір аптадан соң әріптестеріне өзі берілген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде