{metadescription}
Астанадағы мектепте бір сотқардың кесірінен 14 бала мұғалімімен бірге ауруханаға түсті
Астанадағы мектепте бір сотқардың кесірінен 14 бала мұғалімімен бірге ауруханаға түсті

Астанадағы мектепте бір сотқардың кесірінен 14 бала мұғалімімен бірге ауруханаға түсті

Сол жағалаудың үлгілі оқу орындарының бірінде, жетінші сынып оқушысы үйінен улы газ балонын алып келген. Оны қызық көрген оқушылардың бірі сабақ үстінде басып қалып, сыныптастарын газға тұншықтырған. Қорғаныс қаруы 14 жасар баланың қолына қайдан тиді?

-Астаналық тілшіміз Азамат Алдоңғаров оқиғаның мән-жайымен бөлісуге дайын. Азамат, қайырлы күн!

-Қайырлы  күн, Мәдина! Ойыннан от шықты деген осы. Астана қаласының нөмірі 75-ші мектебінің оқушысы сабаққа бұрышты газ балонын алып келіп, оны қызық көрген сыныптасы абайсызда достары мен ұстазын улап алды.

Ащы газдың шамалы ғана мөлшері сыныпта отырған 27 бала мен мұғалімнің көзін жасауратып, тыныс алуын қиындатқан. Оның бұрышты газ аталуының да себебі осы.

Қайынжамал Шошанова, мектеп директорының орынбасары:

-Толық немесе іші бос па деп тексеремін деп, оны партаның астына сепкен, бір рет қана басқан. Жөтеліп жатқан соң, денсаулығына әсер еткен соң, біз ол балаларды астына түсірдік. Медкабинетіндегі дәрігерлер жедел жәрдемді шақыруға мәжбүр болды.

-Азамат, ауруханаға жеткізілгендердің қазіргі жағдайы қалай?

Жедел жәрдеммен кеткен 14 оқушының төртеуі кереуетке таңылған. Олардың қазіргі жағдайы қалыпты, денсаулығына қауіп жоқ дейді дәрігерлер. Қалған он бала бүгін оқуға қайта оралады. Ұстаздың да жағдайы жақсы екен.

-Азамат, жетінші сынып оқушысының қолына газ балоны қайдан түскен?

Мұғалімдердің айтуынша, оқушы газ балонын анасының сөмкесінен, қорғану үшін алыпты. Оның кімнен қорғанғысы келгені және ата-ананың неліктен қауіпті қаруды бала қолына ұстата салғаны түсініксіз. Полицейлер балонды қасақана қолданған үшін қылмыстық жаза барын айтады. Ал бұл оқиға мектепте орын алғандықтан ойын баласының бұзықтыға жатқызылып, жылы жабылды.

Софья Қылышбекова, Астана қалалық ІІД баспасөз хатшысы:

-Бұлар ҚР заңына сәйкес, яғни кейбір қарулардың айналымына мемлекеттік бақылау туралы заңына сәйкес өзін-өзі қорғау құралы болып табылады. Және 18 жастан бастап тіркеусіз алуға болады.

Ата-аналар шағым жазбағандықтан, полицейлер мен мектеп әкімшілігі құр түсіндірме жұмыстарын жүргізумен шектелген. Бірақ газ шашқан екі бала мектептік бақылауға алынды.

-Бір қызығы оқиға туралы баллонды бала қолына беріп қойған ананың өзі жар салып, жариялапты. Полицейлер осы оқиғадан кейін мектеп аралап, қарудың ойыншық еместігі туралы дәріс оқуға кірісті. Ал ата-аналарға қауіпті заттарды бала қолы жетпейтін жерге қоюды ескертеді, Мәдина!? 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде