Алматыда жанармай бекетіндегі қойманың үстіне құлаған жүк вагонын арнайы техниканың күшімен әрең дегенде алып кетті
Кеше түстен өте болған төтенше оқиғаға қаладағы барлық құзырлы орындар жұмылдырылған еді. Тіпті, өрт пен жарылыстан қауіптенген құтқарушылар арнайы көбік шашып, маңайдағы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірген болатын. Түн ортасына дейін жүргізілген апаттың алдын алу жұмыстары бүгін де жалғасып жатыр.
09.11.2017
Айбек Абашов, теміржолшы:
-Кешегі құлаған вагонның жолын жасап, болашақта қайталанбауы үшін мықтап жасап жатырмыз. Алла қаласа қайталанбауына жол бермеуге тырысамыз. Бұрынғыдай емес, берік әрі мықты етіп топырақ үйіп жатырмыз.
Жылжымалы кранның көмегімен теміржолдың тұйықталған жеріне топырақ төгіп жатқан жұмысшылар бөгетті ұзартып, жанармай бекетінен сәл болса да қашықтатыпты. Кешке дейін барлық жұмыстар аяқталады деп сендіріп отыр. Ал, апат кезінде қауіпсіз жерге шығарылған тұрғындар түнгі 9-дан өте үйлеріне кіре бастапты. Кейбірі, түнгі 11-ге таман жарық жанғанын айтады. Апат болған жердегі жанармай бекетінде әлі жұмыс тоқтап тұр. Жүк вагондарына иелік ететін «Жолаушылар-ЖД Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктесігінің басшылығы, қандай да бір түсінік беруден бас тартты. Естеріңізге салайық, кеше Алматыда темір жолдың тұйықталған жерінде екі жүк вагоны рельстен шығып кетіп, біреуі жанармай бекетіндегі қойманың үстіне құлаған-ды. Дизель отыны мен бензин сақталатын жер асты қоймасына құлаған вагон бос болса, екіншісіне қара метал тиеліпті. Құдай сақтап, апаттан зардап шеккендер жоқ
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!