{metadescription}
РБК банкінің салымшылары ақшаларын жылдың соңына қарай  алады
РБК банкінің салымшылары ақшаларын жылдың соңына қарай  алады

РБК банкінің салымшылары ақшаларын жылдың соңына қарай алады

Ұлттық банк төрағасының орынбасары қаржы ұйымына қатысты мәселе біренше айдың ішінде толық шешіледі деп уәде берді.

Ұлттық банк пен РБК арасындағы келісімге сай, банкке қажет қаржы кезең-кезеңімен берілмек. Бірінші акционерлер, кейін Бас банктен қосымша 240 миллиард теңге бөлінеді. Шенеуніктер бұл процесс жыл соңына дейін жүреді деп отыр. Қаржы түсе салысымен салымшылардың да мәселесі шешіледі екен. Банк бірінші кезекте қарапайым тұрғындардың ақшасын қайтармақ.

Олег Смоляков, Ұлттық банк төрағасының орынбасары:

-Банкке негізгі қаржы екі-үш айда түседі. Осы аралықта банкті толық қалпына келтіре аламыз. РБК бірінші кезекте әлеуметтік төлемдерді қайтарады. Яғни, алдымен студенттердің шәкіртақысы, жұмысышлардың жалақысы, несие картасындағы ақша таратылады. Екінші кезекте депозиттер беріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде