{metadescription}
Астанада әйелін өртеп өлтірген Қанат Сәдуовтың әке-шешесі  немерелері үшін құдаларымен тартысып жатыр
Астанада әйелін өртеп өлтірген Қанат Сәдуовтың әке-шешесі  немерелері үшін құдаларымен тартысып жатыр

Астанада әйелін өртеп өлтірген Қанат Сәдуовтың әке-шешесі немерелері үшін құдаларымен тартысып жатыр

Тал түсте әйелін соққыға жығып, тірідей өртеп жібергені үшін  сотталған Қанат Садуовтың әулетінде тыныштық орнар емес. Бұл жолы отбасы ұлдарының соңында қалған төрт бала үшін тартысып жатыр. Жетімдер соттың шешімімен нағашыларының қамқорлығына өткен. Бірақ Садуовтар отбасы заң бұзылды, әділетсіздік орнады дейді.

Атышулы қылмыстық іс бойынша үкім шығып, қылмыскер мерзімінің үш жылын өтеп тастаса да, оның айналасында дау басылар емес. Қанат Сәдуовтың жақындары, балалардың заң бұзушылықпен нағашыларының қолына өтіп кеткендігін айтып, мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырып жүр.

-Бір құдайға тапсырамыз. Не кінәміз бар біздің? Балаға жаман болсын деп айтпайды ғой ешкім.

Ғалия апай ұлдардың үлкені Қанаттан туған тұңғыш немерелерін бауырына басып, бағыпты. Қайғылы оқиғадан кейін, немерелері  нағашы апасының үстіне, қамауда отырған  баласы хабарласып, балаларын аманаттайтын көрінеді. Сағыныштың жетегінде кеткеннен көрмеген.

Ғалия Тайкина, балалардың әжесі:

- 3-4 рет бардым мен. Екі рет бардым, жолатпайды балаларды. Тыға берді артына.

Қазір үш бала Петропавлда нағашы апасымен пәтер жалдап тұрады. Бұған дейін үйдің үлкені Талғат Астанаға келіп, әкесінен қаржылай көмек жоғын айтып шағымданған. Қанат Садуовтың інісі Марат балаларға қамқорлық тағайындау кезінде қателік кетті дейді. Қомқоршының қаржылық жағдайы мен тұрмысын тексермегендіктен балалар бүгінгідей жағдайға түсті дейді.

 Марат Садуов, Қ.Сәдуовтың інісі:

-4 рет Петропавлға барып келгеннен кейін әкімшіліктің адамы психологтар шешім шығарды, сіздерге балалармен кездесуге болмайды, балалар қорқады деді. Мен сол жауабынан таң қалдым. Не себепті балалар бізден қорқады?

Ал қамқоршыны белгілеген Астана қаласы білім басқармасы, ол жылдары тұрмыстық жағдай туралы қатаң талаптар болған жоқ. Оның үстіне Сәдуовтар дер кезінде өтініш берген жоқ дейді.

Дулат Жекебаев, Астана қаласының Білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Дағдарыс  орталығынан  кейін бұл балаларды нағашылары алып кеткен. Балаларды  алайықшы деген ұсыныс түскен жоқ кезінде. Балалар нағашыларында тәрбиеленіп жатыр дегенмен ата-әжелеріне, басқа туыстарына араласуына болмайды деген сөз емес.

Немерелерінің тағдыры бір жапырақ қағазға қарап тұрғаны ата-әжесінің жанына батады. Күн сайын балаларының суреттерін ақтарып, көз жасын төгетін олар, немелерінің маңдайынан бір иіскеуге зар боп отыр.  

Ғайса Сәдуов, балалардың атасы:

-Сол балалардың келешегін ойлайтын мен. Өйткені маған батады олардың тағдыры.  Балаларды өзімізге қайтарса деймін, сұрайтыным да сол.

Сегіз баладан 25 немере сүйіп отырған  Сәдуовтар әулеті үкіметтен еш көмек керек емес. Керісінше келген баланың бар жағдайын жасап беруге дайын отыр. Тек табалдырық аттаса болды дейді. Ал екі жыл бұрын  келіншегін  өртеп өлтірген Қанат Садуов 18 жылға бас бостандығынан шектелумен қатар ата-аналық құқықтан да айрылды. Марат Сәдуовтың айтуынша үш жыл қапаста отырған ағасы енді журналистермен кездесіп, өз оқиғасын айтып бергісі келеді. Алайда бұған түрме басшылары тыйым салған көрінеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде