Ажырасқандарға айыппұл салынбақ
Сенатор Әли Бектаев некесін бұзғандарға баж салығын барынша көтерейік деген ұсыныс жасады. Сонда артық шығынды ауырсынған жанұялар ажыраспайды екен.
Автор: Жәудір Оразхан
09.11.2017
Елімізде отбасындағы қиындықты көтере алмай, екі жаққа кеткен жұптар саны күн санап көбеюде дейді депутат. Соңғы 5 жылда 51 775 шаңырақ шайқалған. Егер неке бұзғаны үшін баж салығын еселеп көтерсек, отбасын да сақтап қалуға болады деп сенеді сенатор. Қазір ата-аналар тәрбиеге де жүрдім-бардым қарайтын болған. Бар жауапкершілікті мектепке артып қою дұрыс емес. Ұл мен қызы қылмыс жасаса, әке-шешесін де жазаға тартайық деп отыр Бектаев. Ал заң бұзған әйелдерге кешіріммен қарауға шақырды. Қыз-келіншектерге жазаны барынша жеңілдетіп, абақтыны айыппұл салумен ауыстыруды және әйелдер түрмесін шетінен жауып тастауды ұсынды. Қазір еліміздегі 6 әйелдер түрмесінде 2 мыңнан астам қыз-келіншек жазасын өтеуде.
Әли Бектаев, Сенат депутаты:
-Отбасылық өмірдің рухани негіздері деген арнайы пән әзірлеп, оған лайықты оқулықтар дайындап, мектеп бағдарламасына енгізуді. 5 және одан көп бала туған аналарға әлеуметтік жалақы дайындап, бала күтіміндегі уақытты еңбек өтіліне теңестіруді.Түрмеде отырғандар санын бірте-бірте азайта отырып, әйелдер түрмесін мүлдем қысқарту шараларын қарастыруды ұсынамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!