{metadescription}
Елімізді дизель тапшылығынан ресейлік өнім құтқармақ
Елімізді дизель тапшылығынан ресейлік өнім құтқармақ

Елімізді дизель тапшылығынан ресейлік өнім құтқармақ

 

Жауаптылар бұл отынның 90 мың тоннасын көрші елден әкелгелі жатыр.

Ал бағасы литріне 157-160 теңгенің көлемінде болуы тиіс. Бірақ, бұл жазғы солярканың құны. Суықта қатпайтыны 50-60 теңгеге қымбатырақ болады. Айта кетейік, дизел жетіспеушілігіне Павлодардағы мұнай өңдеу зауытының өндірісті 5 есеге азайтуы себеп. Өйткені, мұнда солярка шығаратын қондырғылардың бірі сынып қалған. Енді оны жөндеу жұмыстары желтоқсанның ортасына дейін жалғасады. Ал, тапшылыққа жол берген кәсіпорын басшысы Шухрат Данбай кеше жұмыстан қуылған болатын. Енді жетіспеушілікті жою үшін еліміз Ресей дизелін алуға мәжбүр.

Қуандық Қалмурзин, «ҚазМұнайГазӨнімдері» ЖШС бас директоры:

-Ресей тарапымен келісім-шарт жасалған. Алғашқы партия алдағы аптада жеткізілмек. Ол тапшылықты азайтуға жеткілікті. Ал, дизелдің басым бөлігі «ҚазМұнайГаз» жанармай бекеттері арқылы саталатын болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде