{metadescription}
Астанада сынып ішінде газ шашқан оқушы жауапкершіліктен құтылды
Астанада сынып ішінде газ шашқан оқушы жауапкершіліктен құтылды

Астанада сынып ішінде газ шашқан оқушы жауапкершіліктен құтылды

Астанада бір сотқар бүкіл мектепті шулатты. Есілдің сол жағалауындағы мақтаулы білім ордасының оқушысы сыныпқа бұрышты газ балонын алып келіп, сыныптастары мен ұстазын улап алды. Тыныс алуы қиындап тура сабақ үстінде аурухана жеткізілгендердің жағдайы қазір қалыпты.  Ал, 7-ші сынып оқушысының бұл қылығын ойын баласының бұзықтығына балаған полицейлер құр ескертумен шектелді.

Оқыс оқиға Есілдің сол жағалауындағы мына 75-ші мектепте болған. 7-ші сынып оқушысы таңертең анасының сөмкесінен улы газ балонын тауып алып, оны сабаққа алып келген. Сөйтіп, суық қаруды қасындағы парталасына көрсетіп мақтанып отырғанда, қызық қуған досы болонды тура сабақ үстінде басып жіберген. Улы газдың аз ғана мөлшері сыныпта отырған 27 бала мен мұғалімнің көзін жасауратып, тыныс алуын қиындатқан.

Қайынжамал Шошанова, мектеп директорының орынбасары:

-Толық немесе іші бос па деп тексеремін деп, оны партаның астына сепкен, бір рет қана басқан. Жөтеліп жатқан соң, денсаулығына әсер еткен соң, біз ол балаларды астына түсірдік. Медкабинетіндегі дәрігерлер жедел жәрдемді шақыруға мәжбүр болды.

Кейін жеделдетіп жеткен дәрігерлер газға уланған оқушылар мен ұстазды ауруанаға алып кеткен. Олардың қазіргі жағдайы қалыпты, денсаулығына қауіп жоқ дейді ақхалаттылар. Тек көбірек зардап шеккен 3 қыз дәрігерлердің бақылауында болуы керек. Ал, полицейлер балонды қасақана қолданған үшін қылмыстық жаза барын айтады. Бірақ, мектепте орын алған бұл оқиға ойын баласының бұзықтығына жатқызылып, жылы жабылды. Десе де тәртіп сақшылары қауіпті заттарды бала қолы жетпейтін жерге қоюды ескертеді.

Софья Қылышбекова, Астана қалалық ІІД баспасөз хатшысы:

-Бұлар ҚР заңына сәйкес, яғни кейбір қарулардың айналымына мемлекеттік бақылау туралы заңына сәйкес өзін-өзі қорғау құралы болып табылады. Және 18 жастан бастап тіркеусіз алуға болады.

Оның үстіне газға тұншыққан ұл-қыздардың ата-аналары ешқайда шағым жазбаған. Сондықтан полицейлер құр түсіндірме жұмыстарын жүргізумен шектелген. Ал, газ шашқан екі баланың тәртібі бұдан былай қатаң бақылауға алынбақ.

-Бір айта кетерлігі мектепті шулатқан оқушы газ балонын анасының сөмкесінен, қорғану үшін алыпты. Бірақ, кімнен қорғанғысы келгені және ата-ананың қауіпті қаруды неліктен бала қолына ұстата салғаны түсініксіз. Ал, мектеп басшылығы болса бұдан былай мұндай жағдайға жол бермейміз деп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде