Петропавлда латын әліпбиін үйрететін орталық ашылды
Білім беру мекемесі кез-келген жастағы адамдарға арналғанымен, келушілердің дені үлкен кісілер болатын шығар дейді ұйымдастырушылар.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
10.11.2017
Олай деуге негіз бар. Өйткені егде жастағылардың дені кезінде мектепте шет тілін оқымағандықтан, не ұмытып қалғандықтан латын графикасын мүлдем білмеуі мүмкін. Ал бірнеше жылдан соң барлық мемлекеттік мекемелерде тек осы әріптермен жазылған шағымдар мен өтініштер қабылданатынын ескерсек, қарттардың орталыққа қызығушылық танытары анық. Әр топта 10-15 адамнан ғана болады. Әзірге жаңа әліпбиді оларға бір мұғалім ғана оқытпақ. Алдағы күндері сұраныс болып жатса, қосымша топтар ашып, ұстаз жалдаймыз дейді ұйымдастырушылар. Аптасына екі күн жұмыс істейтін орталықта барлық сабақтар тегін. Мұғалімдер әзірге тек қолданыстағы әріптердің латынша нұсқасын үйретумен ғана шектелмек.
Жанат Мұхамеджанов, «Қызылжар» қосымша білім беру орталығының директоры:
-Бұл жерде тек қана графиканы, латын әліпбиінің графикасын ғана оқытамыз. Алдағы уақытта Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты жаңадан орфографиялық сөздікті түзгеннен кейін, сөздердің дұрыс жазылу емлесін басқа дүниелерді де оқытатын болады осы жерде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!