Елімізде жасанды жолмен ұрықтандыру тегін медициналық көмектің тізіміне кірді
Автор: Жәудір Оразхан
10.11.2017
Сәйкесінше, жыл сайын бөлінетін квота да еселеп артады.
Қазір жылда 900 адамға ақысыз ЭКО жасалады. Енді бала сүйе алмай жүрген әр әйел жылына кем дегенде бір рет мемлекет есебінен тегін жасынды жолмен ұрық салдыра алады дейді Денсаулық сақтау министрлігіндегілер. Бұл көмек міндетті медициналық сақтандыру жүйесі жүзеге асқан күннен басталады. Дәрігерлердің айтуынша, елімізде ЭКО-мен 14 мыңнан астам бала дүниеге келген. Алғашқы сәби 21 жыл бұрын туған екен. Қазір Қазақстанда жасанды ұрықтандыру құны 900 мың теңгеге жуық.
Ләззат Ақтаева, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
-Бүгінге дейін 1532 бала мемлекет есебінен тегін дүниеге келді. Яғни, квотамен ЭКО жасалған. Оған бюджеттен 3 миллиард 890 миллион теңге жұмсалды. Қазір диспансерлік тіркеуде 14 мыңнана астам әйел, мыңнан астам еркек «бедеу» деген диагнозбен кезекте тұр. Бұл жылына 20 мың жұп бала сүйе алмай, дәрігердің алдына келеді жүр деген сөз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!