{metadescription}
Таразда әріптестерін пышақтаған Мұрат Үмбетәлиевтің атышулы ісі жаңа қырынан өрбіп жатыр
Таразда әріптестерін пышақтаған Мұрат Үмбетәлиевтің атышулы ісі жаңа қырынан өрбіп жатыр

Таразда әріптестерін пышақтаған Мұрат Үмбетәлиевтің атышулы ісі жаңа қырынан өрбіп жатыр

Бұған дейін жәбірленуші ретінде танылған өңірдегі криминалдық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Ерлан Бектұрғанов пен аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Марсел Жетпісбаевқа да қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұл екі азаматтың да жауапқа тартылуына әлеуметтік желіде тараған бейнероликтер себеп болған. Яғни мына жарияланған видеода тек Үмбетәлиев қана емес, Бектұрғанов пен Жетпісбаевтың да қарап тұрмағандары анық көрінеді. Тіпті қазіргі айыпталушыны үй жағына іздеп барып, оған шаубылды бірінші бастаған да соңғы екеуі екені байқалады. Қылмыстық істе бұлардың іс-әрекеттері ескерілмей, тек Мұрат Үмбетәлиев қана жауапқа тартылып жатқан. Ал енді Бектұрғанов пен Жетпісбаевтың да үстінен «бұзақылық жасау және қылмыс туралы хабарламау» баптары бойынша тергеу жүргізілуде. Еске салсақ, тамыз айында әріптестерінің думанды кешінен шыққан ішкі істер департаментінің екі басқарма бастықтары мен аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы көшеде жаға жыртысқан. Соның салдарынан Мұрат Үмбетәлиев екеуін пышақтап тастаған еді. Енді сол қылмысы үшін Үмбетәлиев заң алдында жауап беріп жатыр.

Бақыт Досқұлов, Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі:  --Ведомстваралық тергеу тобының нұсқауымен Бектұрғанов пен Жетпісбаевтың ісі негізгі істен бөлек облыстық ІІД тергеу басқармасына жіберілді. Соның қорытындысы бойынша осы екі азаматқа қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Бұл іс прокуратураның жіті бақылауында болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде