Байбектің Алматыдағы арзан ас туралы сөзі интернетте күлкіге қалды
«Байбек ланч» 500 теңге! Мегаполис басшысының Астанадағы әйгілі мәлімдемесінен кейін ғаламторда әзіл-қалжың қаптап кеткен еді. Бүгін қаладағы мейрамханалар сүйікті әкімін қолдап, шәй-тамағының бағаларын түсіріп жатыр.
Автор: Ербол Тұрымбет
10.11.2017
Әкім Байбектің астаналық тілшілерге айтқан сөзі алматылықтар үшін қалжыңға айналып кетті. Күлкіге қарық қылатын мынадай коллаждар ғаламторға бірінен соң бірі жарияланып жатыр. Аңдаусыз сөздің арты осындай боларын кім білген?! Бірақ, қала жұрты өз әкімін өтірікші еткісі келмейді. Қоғамдық тамақтандыру орындарының бірі оның айтқанын шынымен де расқа шығарды. Бұл жерде «мен Байбектен келдім» деген құпия сөзді айтсаңыз болды, 500 теңгеге шақталған «Байбек ланч» дайын. Ас мәзіріндегі 800-900 деген бағаларға бас қатырудың керегі жоқ. Оны хош көрген келішулер «Байбекті» талап жеп жатыр.
Айна Досмахамбетқызы, мейрамхана PR директоры:
-Интернетте барлығы жағымсыз мэмдар жазып жатыр. Велосипедпен мейрамханадан шығып бара жатып, 500 теңге тастадым ғой. Енді беделін түсіретін мэмдар пайда болды. Неге біз оны қайта қолдайтын жақсы мэм жасамаймыз?! Оның шынымен қалаға жасаған жасылықтары бастан асып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!