{metadescription}
Енді ел аумағында заманауи қоқыс жәшіктері қойылуы мүмкін
Енді ел аумағында заманауи қоқыс жәшіктері қойылуы мүмкін

Енді ел аумағында заманауи қоқыс жәшіктері қойылуы мүмкін

Алматыда инновациялық жобаның таныстырылымы өтті. Еуразия ұлттық университетінің студенттері өздері ойлап тапқан жаңашылдықты қолданысқа енгізсек деген ниетті. Олардың айтуынша, бұл қоқыс жәшігі жерде шашылған қалдықты анықтайды. Өнертапқыштар тың жобаларының арқасында Сайнс Слэм Қазақстан байқауында жеңімпаз атанды.

Рафаэль Хисамутдинов, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті:

-Бұл жоба бойынша топ болып жұмыс істедік. Қазір енді осы жаңашылдықты жұртқа жеткізсек дейміз. Жаһанданған заманда біз секілді жастардың осындай жобалары ел дамуына өз үлесін қоса алатынын дәлелдегіміз келеді.

Сонымен қатар, жас ғалымдар  емдік шөптерден иісмай шығарып, күннің көзінен қуат алатын автобус аялдамаларын орнатуды ұсынып отыр. Қазақстанда «Science Slam» (Сайнс Слэм) байқауы осымен үшінші жыл шымылдығын түрді. Биыл 30 қатысушы додада бақтарын сынауға өтініш білдірген. Дегенмен, көп ортасынан суырылып шыққан тек жетеу Алматылдағы ақтық сынға келген. Қатысушылар шара шарты бойынша он минуттың ішінде өз жобасы туралы баяндап, таныстырып үлгеруі тиіс. Кіл мықтыда кім мықты екенін Тұңғыш президент қоры жанындағы Жас ғалымджар кеңесінен құралған қазылар анықтады.

Махмұт Томанов, ҚР Тұңғыш президент қоры жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы:

-Ең бірінші мақсатымыз жаңа идеяларды табу.  Конкурс бірінші ағылшынша эксперианс. Екіншіден, араторлық мүмкіндіктерін. Ең мықтылары жеті жеңімпаз қатысып жатыр. Бүкіл Қазақстан бойынша үш этаптық конкурс болды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.