{metadescription}
Алматыда Универсиаданы өткізуге атсалысқан компания көрсеткен қызметі үшін ақшасын әлі ала алмай жүр
Алматыда Универсиаданы өткізуге атсалысқан компания көрсеткен қызметі үшін ақшасын әлі ала алмай жүр

Алматыда Универсиаданы өткізуге атсалысқан компания көрсеткен қызметі үшін ақшасын әлі ала алмай жүр

Мекеме әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшыларға арнап жылы кабиналар орнатқан екен. Дина: Кілең қымбат материалдардан жасалған арнайы орындардың ақысын ұйымдастырушылар жарыс біткен соң толық көлемде төлеп береміз деп, уәделерінде сол күйі тұрмай кетіпті. Салдарынан қаланың намысы үшін тырысқан бір топ жұмысшы қыстан бері жалақысын ала алмай, әлі күнге дейін сенделіп жүр.

Досан Сенбай дүркіреп өткен Универсиаданы өкінішпен еске алып жүр. Айтуынша, жарыс аяқталғалы жұмысшыларының бетіне қараудан қалыпты. Біраз уақыт бұрын оның компаниясына шаңғышылар мен биотлонистерге арнап жылы кабиналар орнату жөнінде ұйымдастырушылардан тапсырыс түсіпті. Төбесі көкке жеткен кәсіпкер көп ұзамай бармақ тістеп қалған.    

Досан Сенбай, «Biz ber» ЖШС Бас директоры:

- Вакс кабиналар жылы болу керек. 50 вакс кабина бірдей болуы керек 15 квадратттан аспау керек деді. 20-желтоқсанда біз жұмысымызды бастадық, 20-қаңтарда кабиналар орнатылды. Универсиада өткен соң 28-ақпанға дейін хабарластық. Ақшаны әлі алған жоқпыз дейді.

Қақаған қыста күні-түні тер төккендердің ақыр аяғында ақшасы толық төленбей қалған. Спортшыларға арнап кабиналар орнатқан компанияға Универсиада өкілдері 39 миллион теңге төлеуге келісіпті. Алайда, тек 28 миллион теңгесін ғана аударып, қалғаны ауаға сіңіп жоқ болған. Енді кәсіпкер қарызын кімнен дауларын білмей басы қатып жүр. Өйткені, оны жалдағандар өздері жалдамалы мердігерлер екен. Іс сотқа өтіп, арадағы 4 компания анықталған. Алайда, мемлекет есебінен төленіп қойған ақшаның қайда кеткенін іздеп жүргенде кәсіпкердің өзіне аяқасты 9 миллион теңге айыппұл салына кетіпті.     

Досан Сенбай, «Biz ber» ЖШС Бас директоры

Ақшаны төлемеудің амалы деп ойлаймын. Өйткені, универсиада кезінде, жұмыс істеп жатқан кезде бәрі қадағалап, Универсиадан да, дирекциядан да адамдар келді. Универсиада кезінде кемшілік болмады болмады. Вакс кабиналар қазір де объектіде ЛБК Алатауда тұр! Сапасы жаман емес. Енді Бас прокурорға ұсыныс жасаймыз. Көмектеседі деп ойлаймын. Талабымыз сол, ақшамызды қайтарып берсін!

Ал ақысы жырымдап берілген кабианалар жарыстан кейін қаланың меншігіне өткен. Солдат сайында өткен 17-ші Қысқы Универсиаданың көзіндей болып сақталып тұр.

-Нақ осы кабиналарда жылынып отырып, жарысқа шыққан шаңғышылар мен биотлоншылардың ең үздік нәтиже көрсеткенін айта кетейік. Десе де, той бітіп, қонақтар тарқағаннан кейінгі бұл түсінбеушіліктің кесірі қарапайым жұмысшыларға тиіп отыр. Универсиадаға бір кісідей атсалысып, кабиналарды құрғандар желтоқсаннан бері жалақы алмаған. Оларға төленуі тиіс қарыз мөлшері  11 миллион 850 мың теңге. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде