{metadescription}
Ақтөбеде жарнамасы жер жарған заманауи аялдамалар жарты жылға жетпей жарамсыз болып қалды
Ақтөбеде жарнамасы жер жарған заманауи аялдамалар жарты жылға жетпей жарамсыз болып қалды

Ақтөбеде жарнамасы жер жарған заманауи аялдамалар жарты жылға жетпей жарамсыз болып қалды

Автобус күткендерге ұялы телефон қуаттайтын қондырғы орнатып, әйнектен бастырма жасаған еді. Ол үшін қазынадан қыруар қаржы жұмсады. Енді қазір оның алқам-салқамы шыққан.

Шенеуніктер болса бұған тұрғындардың өздерін кінәлап отыр. Енді орнына жаңасын орнатып әлек. Бірақ онысы да оңып тұрған жоқ. Қаланың қақ ортасындағы аялдамалардың бірінің төбесі жабылмаған, бірінің қоршауы мүлдем салынбаған. Шет жақты айтпағанның өзінде, облыстық әкімдіктің тура жанындағы аялдамада темір сұлбасы ғана тұр. Ал шенеуніктер бір аялдаманың өзіне бір жарым миллион теңге жұмсапты. Осындайдың қала бойынша жиырмасы орнатылған. Тұрғындар күн суытып, жаңбыр жауғанда оның пана болмасына өкпелі.

Мәрия Қаспекова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Ық жоқ. Қалай болады? Қалай адамдар тұрады? Балалар бар. Үлкен кісі бар. Отырғыш та жоқ. Не деген масқара?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде