Немереге таласқан Сәдуовтарға құдағиы жауап берді
Күні кеше келіншегін өртеп өлтірген Қанат Садуовтың әке-шешесі төрт немерімізді нағашылары заңды белден басып, алып кетті деп айыптаған.
Автор: Азамат Алдоңғаров
10.11.2017
Жетімдерді бауырына басқан нағашы апасы Айгүл Дәрменова, бұл тартысты тоқтату керек дейді. Қайғылы оқиғадан кейін енді-енді ес жиып жатқан балалар, бұл тақырыпқа қайта оралғысы келмейді. Сондай-ақ олар әкесінің туыстарымен араласудан өз еріктерімен бас тартыпты.
Айгүл Дәрменова, балалардың нағашы апасы:
- Телевидениеге шыға бермесін. Құда-құдағиларым ұйқыдан енді оянған сияқты. Олар балам жылайды дейді, ал бес жасар қыз неге жыламайды екен? Түнде "мамалап" жылайды, қалай екен? Осы өкінішпен балалар да, сіңлімнен айрылған менде өмір сүріп келемін.
Балалардың қамқоршысы, егер олар ер жетіп, туғандарын іздесе тыйым салмайтынын айтады. Алайда қайғылы оқиғадан кейін шошынып қалған ұл-қыздар әкелерімен де, ата-әжесімен де оның туыстарымен де араласуға құлқы жоқ. Олар Петропавлдағы нағашыларының қолында қалғанын қалап отыр. Еске салсақ, жан түршігерлік оқиға осыдан екі жыл бұрын болды. Қанат Сәдуов өз әйелін, төрт баласының анасын соққыға жығып, бензин құйып тірідей жағып жіберген. Осыдан кейін бірнеше ай туған-туысқандарының үйінде жасырынған қылмыскер ақыры қолға түсіп, 18 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!