{metadescription}
Тікелей эфир: Алматыда әріптестерін ақша алып қашып кеткен  танымал кәсіпкерге іздеу жарияланды
Тікелей эфир: Алматыда әріптестерін ақша алып қашып кеткен  танымал кәсіпкерге іздеу жарияланды

Тікелей эфир: Алматыда әріптестерін ақша алып қашып кеткен танымал кәсіпкерге іздеу жарияланды

Ішкі туризмнің дамуына үлес қосамын деп тақырға отырды! Алматыда ірі кәсіпкер Талғат Акуовқа алданған 65 бизнесмен шу шығарды. «Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының» президенті оларды қорғаудың орнына, сан соқтырып кеткен. Яғни, Қарқаралыдағы демалыс орнын дамытуға деп әрқайсысынан қыруар ақша алып, оны пайызбен қайтаруға уәде етіпті. Бірақ, кәсіпкерлер пайда тұрмақ, өз қаржыларын қайтара алмай қалған. Жұрттың миллиондарын қалтасына басқан Ақуов қазір қашып жүр. 

Оған алданған аңқау бизнесмендердің мұңын тыңдап қайтқан тілшіміз Нұргүл Нұрланқызы қазір бізбен тікелей байланысқа шығып тұр. Қайырлы кеш, Кәсіпкерлер Талғат Ақуовтың қармағына қалай ілінген?

Қайырлы кеш! Бүгін наразы топ «тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы» ғимаратының алдына жиналды. Өйткені, өздері де осы ұйымның мүшесі болған.

Бірақ, бизнесмендерді қорғауы тиіс мекеме керісінше оларды алдап соғыпты. Нақтырақ айтсақ, қауымдастықтың президенті Талғат Ақуов 65 кәсіпкерден ішкі туризмді дамытуға деп ақша жинаған. Бұлар оның үстінен пайда көрмек болыпты. Яғни, миллиондаған ақшаны әр кәсіпкерге пайызбен қайтармаққа сендірген. Сөйтіп, оңай пайдаға кенелуді көздеген аңқау жұрт миллиондаған ақшаны Ақуовтың қолына ұстата салыпты.

Дина Шұмбылова, кәсіпкер:

-  Тәуелсіз қауымдастық болғасын сендік. Өйткені ол кісі біз сияқтыларды қорғап отырған  адам ғой. Сондықтан, пәтерімді сатқаннан кейін 120 мың долларым бар еді, соны осы кісіге әкеп тапсырдым.

Кәсіпкерлер Ақуовқа түрлі сомада ақша берген. Қыруар қаржы Қарқаралыдағы «Тас бұлақ» демалыс орнын дамытуға жұмсалыпты. Өйткені, «тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының» президенті осы курорттық жердің де құрылтайшысы көрінеді. Бастапқыда 65 кәсіпкер уәде етілген ақшасын алып келген екен.

Әрі еш күдіктенбепті. Тек 2014 жылы Ақуовтың осындай тағы бір кәсіпкерді тақырға отырғызғаны белгілі болғанда көздері ашылған. Ол кезде алаяқ бизнесмендердің біріне 23 миллион теңге қарыз болып, сот орындаушылары оған іздеу жариялаған еді. Басы дауға қалған Ақуов осыдан кейін өзі құрған қаржы пирамидасының құрбандарын «тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығынан» дереу шығарып тастапты.

Дина Шұмбылова, кәсіпкер:

- Бәрімізді  бір-бірлеп  шақырды да сендер НАП-тан кетіңдер, мен «Тас бұлаққа» бәріңді ауыстарайын, ол жерде өйткені ақша бар, НАП-та ақша жоқ, сендер ақшаларыңнан айырылып қаласыңдар деді.

Содан бері, не ақша жоқ, не кәсіпкерлерді алдап соққан адамның өзі жоқ. Ал, бұлардың ақшасы құйылған демалыс орны қазір қызу жұмыс істеп тұр. Онда шетелдік туристер мен танымал тұлғалар демалады. Негізі зардап шегушілер сотқа шағымданғаннан кейін таудағы «Тас бұлақ» қонақ үйі бұғатталыпты. Бірақ, жуырда оның сатылып жатқаны белгілі болды. Енді, расымен оның иесі ауысса, мына кәсіпкерлердің соңғы үміті де үзілмек. 

Мұрат Жексенбинов, кәсіпкер:

- Ақшамызды қайтарып берсін. Қайтармаймын десе онда үлескер қылып, бізге үлесін бөліп берсін.

Ал, «тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының» кеңсесі бүгін тарс жабық. Талғат Ақуовтың өзі бұл бизнесмендерден қашып жүр. Қазір алданғандар «Тас бұлақ» демалыс орнын өзгенің атына аудармау туралы сотқа шағымдануда. Бұған қоса, Ақуовты да сотқа берген. Алматылық полицейлер оған қатысты алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғапты. Естеріңізге салсақ, Талғат Ақуов өткен жылы да көптің наразылығын тудырған еді. Яғни, ол теңгеден бас тартып, Ресей, Белоруссия, Армения және Қырғызстанмен бірге ортақ валюта  рубльге өтуді ұсынған еді. Міне, енді бастамашыл басшының былықтары әшкереленуде. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде