{metadescription}
Шымкентте бюджеттің миллиондарын құмар ойынға салып жібергендерге үкім шықты
Шымкентте бюджеттің миллиондарын құмар ойынға салып жібергендерге үкім шықты

Шымкентте бюджеттің миллиондарын құмар ойынға салып жібергендерге үкім шықты

Шымкентте қазынаның 164 миллион теңгесін букмекерлік кеңсеге салып жібергендерге қатысты үкім шықты. Тұрақтандыру қорының еншілесі «Оңтүстік азық-түлік» компаниясының басшысы Олжас Бақтыбаев 8 жылға сотталса, сол мекеменің қойма меңгерушісі Сәкен Бердиевке сот 7 жыл жаза кесті. Екеуі де «сеніп тапсырған мүлікті талан таражға салу» және «қызметтік жалғандық жасау» баптарымен сотталып отыр. Ал қойма меңгерушісінің туыстары ол басшының талабын орындағаны үшін ғана жазаланды деп шу шығарды. Олардың айтуынша, директордан бөлек оның орынбасарының да ақшаны жұмсағаны сот барысында сан...

рте айтылса да, не прокурор, не судья мән бермепті.

Судья Еркін Оспанов залға кіре сала бірден шешімін оқуға кірісті. Бюджеттің 164 миилионнан астам қаржысын букмекерлік кеңсеге жұмсады деген тұрақтандыру қорына еншілес «Оңтүстік азық-түлік» компаниясының бас директоры Олжас Бақтыбаевты 8, ал компанияның қойма меңгерушісі Сәкен Бердиевті 7 жылға кескен. Бас директоры ақша жымқырғанын тіпті мойындаған екен. Бірақ сотталушының туыстары үкім әділетсіз деп отыр.

- Әділетсіз. Әділетсіз. Әрі қарай барам. Назарбаевтың сайтына дейін барам. 

Өйткені Бердиевтің туыстары миллиондарды құмар ойындарға жұмсауға компания басшысымен бірге оның орынбасары Данияр Құрманбековтің де қатысы бар деп есептейді екен. Тіпті оны бірнеше куәгер мен тұрақтандыру қоры өкілдері де растап отыр. Алайда прокурор әу бастан Құрманбековті айыпталушы емес, куәгер ғып шығарыпты. Айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылды деген туыстары оның орнына қойма меңгерушісі жазықсыз кетіп бара жатыр дейді.

Мәлік Бердиев, сотталған С.Бердиевтің әкесі:      

- Бас директоры  Бердиевтің кінәсі жоқ деді. Құрманбековтің әкесі бұрынғы прокурор. Енді оның әкесі мыналарды таниды. Прокуратураны таниды.

Оңтүстіктің азық-түлік қоры сақталған тұрақтандыру қорына еншілес «Оңтүстік» компаниясының былығы биыл қаңтарда белгілі болған еді. Жемқорлыққа қарсы бюро қызметкерлері қоймадан 590 мың тоннадан астам қант, 70 мың 600 литрден астам күнбағыс майы мен мыңдаған тонна күріш және макарондардың жоғалғанын анықтаған. Нағыз түйені түгімен жұтатындар бұл азық-түлікті 2015 жылдан бері сатып, ақшасын жаратып келгені анықталған.

 Еркін Оспанов, судья:

-Ешқандай құжатсыз  164 миллионның затын жеке адамдарға сатқызған ғой. Сөйтіп ақшаны өз пайдасына жаратқан. Ақшаны букмекерлік ойынға салып жіберген.  

Енді 164 миллион теңгенің 10 милионын қайтарған Бақтыбаев қалған 154 миллионды бір айда мемлекет қазынасына салуы тиіс. Ал қойма меңгерушісі Сәкен Бердиевтің туыстары бас директордың орынбасары Данияр Құрманбековті тергесін деп, құзырлы органдарға шағым түсірмекші. Сөйтіп, өз ұлдарының еркіндікке шығуы үшін аппеляцияға да арызданамыз  отыр. Мендегі ақпарат осы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде