{metadescription}
0:000:00
Алматыда көпірден секірген қызды көлік қағып кетті

Алматыда көпірден секірген қызды көлік қағып кетті

Бүгін Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған жол үсті өткелінен бойжеткен құлап түсті.

Оқиға Алтын Орда базарының маңында болған. Куәгерлер қыз өзі секіріп кетті деп отыр. Тас жолға сұлап түскен оны тағы көлік таптап өткен екен. Трассаның ортасында қансырап жатқан қызды қаптаған адам камераға түсіріп әлек. Оқиға орнына жедел жеткен 103қызметі бойжеткенді ауруханаға алып кетті. Қазір оның жағдайы мүшкіл. Хәл үстінде жатыр. Дәрігерлер қандай да бір болжам жасау қиын дейді. Қызды суицидке не итермелегені белгісіз. Бұл дерек бойынша құзырлы орган тергеу жұмыстарын бастады.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде