{metadescription}
Семейде шағын саябақтың бір бөлігін жергілікті атқамінерлер сатып жіберген
Семейде шағын саябақтың бір бөлігін жергілікті атқамінерлер сатып жіберген

Семейде шағын саябақтың бір бөлігін жергілікті атқамінерлер сатып жіберген

Қаладағы бүтіндей бір ықшамаудан тұрғындары осыған наразылық білдіріп отыр. Айтуларынша, саябақ аумағының сатылуы салдарынан серуендейтін жер тарылып кеткен.

Анар Тоқтарбекова, Семей қаласының тұрғыны:

Мен бұл жерді әдейі зерттеп білдім. Әкімдік жекенің қолына сатып жіберген екен. Олардың адам демалатын жерді сатуға қандай құқығы бар? Бұл қоғамдық орын ғой.

Жаңа қожайын онда өсіп тұрған жасыл желектің бірін қалдырмай отап тастаған. Тіпті, балалар ойнайтын алаңқаймен қоса орындықтардың да көзін құртқан. Осыдан кейін тұрғындар құзырлы органдардың барлығына шағым түсіріпті. Алайда жарты жыл уақыт өткенімен, ешқандай мардымды жауап ала алмаған. Жергілікті жер қатынастары бөлімінің қызметкерлері оның аукцион арқылы сатылып кеткенін растады. Айтуларынша, 300 шаршы метр жерді 4 млн 300 мың теңгеге сатып алған кәсіпкер мұнда жабық спорт сарайын салмақ екен. Ал саябақтың қалған бөлігі тұрғындар демалатын орын есебінде қала береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде