«ҚазАвиаҚұтқару» және «ҚазАвиаОрманҚорғау» басшыларының былығына қатысты жаңа деректер шықты
«ҚазАвиаҚұтқару» және «ҚазАвиаОрманҚорғау» мекемелерінің бұрынғы басшыларына қатыста сотта куәгерлерді тыңдау басталды. Экс шенеуніктер 100 мың доллар пара алды деп айыпталуда. Олар жазда қылмыс үстінде қолға түскен еді. Бүгін қос бастықтың қарамағында қызмет істегендер олардың қандай құйтырқы әрекеттерге барғанын жіпке тізіп берді.л Махмет
Автор: Асыл Махмет
13.11.2017
-Асыл, қайырлы күн! Бүгін шенеуніктердің бірі өзіне іссапарға деп 5 миллион теңге жаздырғаны айтылған екен. Сонша ақшамен қайда барған?
Қайырлы күн, Мәдина. Бақандай 5 млн теңгемен Мәлік Досымбетов Өскеменге іссапарға аттанбақ болыпты. Мұндай мақсатқа мекеме бухгалтериясы көп болса 185 мың теңгеден артық қаражат бөлімеуі керек екен.
Сондай-ақ ол сома ешбір есеп-қисапта көрсетілмеуі керек еді. Тиісінше бастық ақшаны қайда және не үшін құртқаны туралы есеп те бермейді деген сөз. Досымбетовтың осынша үлкен қаржыны не үшін сұрағынын ешкім ақыры біле алмады. Ал есепші бұндай қылмысқа барудан бас тартқан. Бұл туралы бухгалтердің өзі бүгін сотта айтып берді.
Ал екінші экс шенеунік «ҚазАвиаОрманҚорғаудың» бұрынғы басшысының ісі бойынша да куәгерлер шақыртылды. Еске сала кетейін, Төлеуғазы Сексенбаев өз үйіне аула сыпырушыны жалдап, оны өзі басақаратын ҚазАвиаОрманҚорғау" -ға өрт сөндіруші-десантшы деп тіркеп қойған. Соған сәйкес мемлекеттік мекемеден айлық төлеп отырған. Бұл дерек бойынша бірнеше куәгер сөз алды. Олар расымен де Резянцев деген өрт сөндірушінің құжат жүзінде тіркеліп тұрғанын және үш айда оған екі жүз мың теңгеден астам қаржы аударылғанын айтып отыр. Бірақ іс жүзінде ол ешқашан жұмысқа келмеген. Резянцев сотта да төбе көрсетпеді. Тұрақты мекен жайы жоқ оның қайда жүргенін ешкім білмейді. Ал бұған дейін тергеушілер «ҚазАвиаОрманҚорғаудың» басшысы демалысқа ведомвствалық тікұшақпен барғанын да әшкерелеген. Жоспарланбаған сапар үшін 1,5 миллион теңге шығындалған.
Студеттік шақтан дос болған қос басшы құзырлы органның құрығына да бірге түсті. Сексенбаев пен Досымбетов жазда 100 мың доллар пара алып жатқан жерінен ұсталған. Бұл қаржыны экс шенеуніктерге Қытайлық компания тікұшақты сатып алу туралы келісімге қол қою үшін берген. Бұл іс бойынша, келесі тыңдалым қарашаның 20-сы күні болады. Сот күдіктілердің 28 ұшқышты құжат жүзінді жұмысқа тұрғызып, олар үшін қыруар қаржыны қалай қалтаға басып отырғанын да тыңғылықты зерттемек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!