Иран мен Ирактың шекарасында болған зілзалада қаза тапқандар саны еселеп артып жатыр
Қазірдің өзінде Иранда 328 адамның денесі табылған. Жараланғандар саны 2 жарым мыңға жуық. Магнитудасы 7,3 бал болған жер асты дүмпуінің ошағы Иранның батысында, Ирак шекарасына жақын жердегі Сарполь-э-Захаб қаласында тіркеліпті. Каср –э-Ширин, Илам және Керманшах қалаларының тас-талқаны шыққан. Жарық сөніп, ол елді мекендермен байланыс үзілген. Арнайы құтқару топтары құрылып, үйінділер арасында қалғандарды іздестіруде. Алайда, лай көшкіні құтқарушылардың жұмысын қиындатуда. Жер сілкінісі Түркия, Кувейт пен Израильде де сезілген.
Автор: Әйгерім Асқарқызы
13.11.2017
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!