{metadescription}
Қазақстандық жүргізушілер жол сақшысына сақтандыру полисін көрсетпесе де болады
Қазақстандық жүргізушілер жол сақшысына сақтандыру полисін көрсетпесе де болады

Қазақстандық жүргізушілер жол сақшысына сақтандыру полисін көрсетпесе де болады

Ұлттық банк парламентке осындай ұсыныспен келді. Көлік иелері сақтандыруды қағаз күйінде тасымай, онлайн рәсімдейді. Бірақ бұндай жаңалықты енгізу үшін әр сақшыны гаджетпен қамтамасыз ету керек. Мәжіліс отырысынан Азамат Алдоңғаров тікелей байланыста.

- Жүргізушілер сақтандырусыз жолға қалай шықпақ?

Бұндай жаңалық Ұлттық банктің елдің Сақтандыру туралы заңына өзгерістер енгізу туралы заң жобасында қарастырылған.

Бұл құжат жалпы сақтандырудың барлық түрлерін жетілдіруді көздейді. Мәселен ең кең тараған автокөлік сақтандыру полисін енді қағаз күйінде тасудың қажеті болмай қалуы мүмкін.

Жанат Құрманов, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары:

- Онлайн сақтандыру 2019 жылдың бірінші қаңтарынан жұмыс істейді деп жоспарлап отырмыз. Онда сақшылар сіздің көлігіңізді тоқтатса, сақтандыруды қағаз күйінде талап етпейді. Дерек базасына сұрау салулары тиіс.

-Тәуір түзету екен, енді оны неліктен 2019-шы жылға дейін созып отыр?

Қазақстан цифровизацияны бетке алғанмен, цифрлі технологияның құқық қорғау органдарына келуі асықпай отыр. Ұлттық банк мамандары бірінші кезекте барлық жол сақшыларын гаджеттермен қамтамасыз ету керек дейді. Ал басқа бір сақтандыру түрін бүгін депутаттар ерекше қызу талқылады. Мәселе теңіз жағасында демалуды жақсы көретіндерге қатысты. Ұлттық банк турпакеттің құнына кіретін туроператордың 1225 теңге сақтандыруына, тағы бір сақтандыру түрін қоспақшы. Іс білетін халық қалаулысының айтқанын өз ауызынан тыңдап көрейік.

Меруерт Қазбекова, Мәжіліс депутаты:

– Сіздердің ұсынып отырғандарыңыз проблеманың шешімі емес, туроператорлардың міндетті сақтандыруына туристердің жеке басын сақтандыруын қосарлап қоймақшысыңдар. Түбінде бар салмақ тур пакет алатын туристке түседі. 

-Туристер далада қалып аузы күйген үкімет «Туристік қамқорлық» деген қор құрған енді. Олар күтпеген күтпеген жағдайлар болып қалғанда отандастарымызды шипажайдан елге жеткізеді. Ол аздай енді туристің бас-басына сақтандыру енгізу ұсынылды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.