{metadescription}
Көкшетауда жантүршігерлік жол апатына түскен тағы бір жолаушы қайтыс болды
Көкшетауда жантүршігерлік жол апатына түскен тағы бір жолаушы қайтыс болды

Көкшетауда жантүршігерлік жол апатына түскен тағы бір жолаушы қайтыс болды

Көкшетау-Петропавл тас жолында сұмдық жол апатына ұшыраған жолаушылардың тағы біреуі бүгін ауруханада көз жұмды. Өткен сенбіде «Ланд Крузер Прадо» мен «Делика» бетпе-бет соқтығысып, соның салдарынан 3 адам қаза тапқан еді.

Оқиға орнында туыстарын жоқтап жатқан бұлар – джипте отырған адамдар. Олар екі көлік болып Екібастұздан Солтүстік Қазақстанның Айыртау ауданына тойға бара жатыпты. Жол апаты көз алдарында болған. «Прадоның» 2 жолаушысы сол жерде тіл тартпай кетті. Ал оның тізгінінде болған азамат ауруханада көз жұмды. Қаза тапқан жолаушылардың бірі сол  жүргізушінің әйелі екен. Осы жол талғамайтын көліктің тағы бір жолаушысы бүгін ауруханада қайтыс болды. Қазір 5 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың бірі – сәби. Болжам бойынша, бұл қайғылы оқиғаға джиптің қарсы жолаққа шығып кетуі себеп. Басынан жарақат алған Деликаның жолаушысы бұны растап отыр.

Рамазан Қаһаров, зардап шегуші:

-4 адам Астанаға кетіп бара жатыр едік. Қарсы жақтан екінші жолақта «Прадо» келе жатты. Аяқ астынан оның артынан басқа джип атып шықты да, бізге бетпе-бет келіп қалды. Оңға кетіп үлгермедік. Ар жағы есімде жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.