{metadescription}
Алматы полициясы арнайы операция кезінде оқ атылмады деп мәлімдеді
Алматы полициясы арнайы операция кезінде оқ атылмады деп мәлімдеді

Алматы полициясы арнайы операция кезінде оқ атылмады деп мәлімдеді

Алматыны аяғынан тік тұрғызған арнайы операция! Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының арнайы жасағы күдіктілерді тұтқындау үшін қалалық әкімдік пен президент резиденциясы тұрған орталық көшесін жабуға тура келді. Тіпті атыс болып, әлдекімдер автоматтан оқ жаудырды дейді оқиға куәгерлері. Бірақ, құзырлы орындар мұның бәрін жоққа шығарып отыр. Ал, күшпен тоқтатылған көліктің ішінен жарық-дыбыстық автомат, пышақ және бронды кеудеше табылыпты.

-Тәртіп сақшыларын аяқтан тік тұрғызған күдіктілер мына жерде тұтқындалды. Тура президент резиденциясы мен қалалық әкімдіктің ортасы. Күш құрылымдарына осы Фурманов көшесін жауып тастауға тура келген.

Алматының орталығында атыс болып жатыр деген ақпарат әп-сәтте әлеуметтік желіде желдей есіп, тұрғындар тіксініп қалды. Тіпті, куәгерлер Абай даңғылы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында джиптен түскен әлдекімдер автоматтан оқ жаудырып, кейін олардың алысқа ұзамай тұтқындалғанын айтқан болатын.

Дегенмен, құқық қорғау органдарының өкілдері атыс жайлы мәліметтің шындықпен сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Түрлі алып-қашпа әңгімегенің өзегіне айналған тосын оқиға, арнайы жүргізілген операция екен. Айтуларынша, мұздай қаруланған арнайы жасақ күдікті екі адамды тұтқындапты.  

-Алматы қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмыстық қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Бостандық ауданында арнайы операция жүргізіп, Оңтүстік Қазақстан облысының 1994 және 1969 жылғы тұрғындарын ұстады. Ұсталғандардың көліктерін тексеру барысында жарық-дыбыстық автомат, пышақ және бронды кеудеше тәркіленді.

Ал оқиға куәгерлері тәркіленген қару-жарақ әлдеқайда көп болды деп отыр. Әрі тәртіп сақшыларына күдіктілер қарсылық көрсеткен көрінеді.

Оқиға куәгері:

-Мен өз көзіммен көрдім, граната мен пистолет болды. Сосын жаныда автомат жатқан. Олар мені байқамай  қалды, себебі шыршаның жанында тұрғанмын. Көлікте екі адам болды. Оларды қалай тотқанын да көрдім.

Күдіктілердің бұйрыққа бірден бағынбағаны бейнежазбадан да байқалады. Себебі, джиптің терезелері әлдебір ауыр соққыдан сынып кеткен. Айта кетейік, екі күдікті де бұған дейін қару және есірткі сақтағаны үшін, сондай-ақ, алаяқтық ісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен. Қазір олардың қала аймағында өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде