{metadescription}
Нұрсұлтан Әбішұлына ғана тиесілі жеке заттар көпшілік назарына ұсынылды
Нұрсұлтан Әбішұлына ғана тиесілі жеке заттар көпшілік назарына ұсынылды

Нұрсұлтан Әбішұлына ғана тиесілі жеке заттар көпшілік назарына ұсынылды

Президенттен басқа ешкімнің қолы тимеген аса құнды да, қызықты дүниелер алғаш рет Алматыда көрсетілді. 

Елбасының жеке заттарын тамашалағысы келгендер көп. Тіпті, шетелдік азаматтар да Нұрсұлтан Әбішұлына тиесілі коллекцияларға қызыға қарап жүр. Көпшілік, әсіресе, космоста болып келген Қасиетті Құран Кәрім кітабына таңдай қағысып қараған. Бүкіл әлем бойынша ғарышқа ұшырылған бұл жалғыз экземпляр. Оны кезінде Талғат Мұсабаев Елбасына сыйлыққа тартқан. Көрмеге бұрын-соңды ешкімге көрсетілмеген Президенттің куәлігі де қойылған. Тіпті, Елбасының ел алдында берген тұңғыш анты да төрден орын алған. Ал мектепте алған бағасы жайлы білгісі келгендерге де мұнда Нұрсұлтан Әбішұлының аттестаты да тұр. Аумағы 1200 шаршы метр алаңды құрайтын орталық мұражайдағы көрмені алматылықтар бүгіннен бастап армансыз аралай алады.

Күләйша Ақтаева, ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасы директорының орынбасары:

-Келесі жылдың 14-қаңтарына дейін осы орналасқан көрмеге біз алматылықтарды шақырамыз.  Көрмеге кіру тегін. Бұл жерде 700-ден астам материал көрсетілген. Оның арасында - 300-ден астам музей жәдігер, 300-ден астам кітапхана қорының материалдары және 100-ге жуық мұрағат материалдары.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде