{metadescription}
Жамбыл облысында кәсіпкер мен ауыл тұрғындары арасында тағы дау шықты
Жамбыл облысында кәсіпкер мен ауыл тұрғындары арасында тағы дау шықты

Жамбыл облысында кәсіпкер мен ауыл тұрғындары арасында тағы дау шықты

Наразы халық ауылға кіре берістегі бизнесменнің аты-жөнінің бас әріптері жазылған үлкен темір қақпаны түбінен кесіп құлатып тастады. Жұрттың бұлайша ашуға мініуіне бизнесменнің жерге қатысты дауда сотта жеңіп кетуі себеп болған. Яғни бұқара енді 10 мың гектар егістік алқабынан айырылуы мүмкін.

Садық Сәбит Сұлтанұлы деген аты-жөннің бас әріптері бар қақпа көптің көзіне күйік болған. Бұқара оның өзі тұрмақ аты-жөні жазылған таңбаны да көргісі келмейді. Салмағы зілбатпан темірді арқанмен құлату да оны жол жиегіне техникамен сүйретіп шығару да көпшілікке оңай шаруа болған жоқ. 

-Кеткені қай заман. Рахмет кетті бәрін ылаңдады, қиратты, талқандады. Қызығын көрді. Бұл жерге енді Дінмұхаммед кісінің атын қоямыз. ССС -тің тұруы мүскін емес. Ол ұят бізге. Қазақстанда SSS деген таңба көрмедім.

Жұрттың бұлайша ызаға булығуымызға әділетсіздік себеп дейді. Айтуларынша, ұзақ жылдар бойы «Агрохолдинг-Подгорный» серіктестігінің басшысы оларға жердің пайын бермей сорлатқан. Сөйтіп тұрғындар кәсіпкерді сотқа беріп, өздеріне тиесілі 10 мың гектар жер телімін  қайтарып алады. Ал облыстық соттың сол кездегі шешімі 4 жылдан кейін Жоғарғы соттың қаулысымен бұзылып, істі қайта қарауға жіберген.  

Есен Бекенов, «Ермұхаммед» шаруа қожалығының басшысы:

- Қаншама халық бар осы жерде. Соны тыңдау керек пе? Жоқ, жалғыз Сәбитті тыңдау керек пе? Мен түсінбеймін. Бір адамның сөзін тыңдаған қандай,мына ауылдықтарды тыңдаған қандай. Мемлекетіміз қайда қарайтыны белгісіз?

Бұқара бұл жолы соттан жеңіліс тапса, дымсыз қалуы ықтимал. Өйткені кезінде 10 мың гектар алқап пен ұжымға тиесілі мүлікті қожалықтың бұрынғы басшысы Сәбит Садық банкке кепілге тігіп, 205 млн. теңге алған. Демек, телімдер кәсіпкердің меншігіне өтсе, қаржылық ұйымға тапсырылады. Ал бизнесменнің сөзінше, 200-ге жуық адам Есен Бекенов пен тағы екі азаматтың айтағымен жүр. Тіпті бүкіл елді өзіне қарсы қойып кезінде сотқа да арыз жаздырған солар дейді. Үштіктің мақсаты мені ығыстырып, жерді иемдену деп отыр.

Сәбит Садық, кәсіпкер

- Шоу жасап жатыр ғой. Сіздерді шақырған шулатайын деп. Бұлар өліп жатыр, біреуінде 3, мың біреуінде 5 мың гектар жер бар. Қоймалар бар, соны алып қоя ма деп жынды болып жатыр. Сол үшін адамдарды шулатып біреуіне мың теңге береді, біреуін құлақтан тебеді.

Сыртқы күштердің ықпалымен жаптым жала, жақтым күйенің құрбаны болдым деген Сәбит мырза банктегі қарызды қайтару  түк емес дейді. Бастысы, телімді өзіне алып алса, ұжымды көркейтемін деп сендіріп отыр.  Бірақ  тұрғындар жердің оған берілуіне түбегейлі қарсы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.