Назарбаев әлемге төнген қауіптер туралы айтты
Әлем үшінші Дүниежүзілік соғысты бастан кешіп жатыр. Нұрсұлтан Назарбаев жер-жаһанда болып жатқан лаңкестік оқиғаларға осындай баға берді. Бұған статистика дәлел. Былтыр жер бетіндегі 104 елде теракт болған. Астана клубының кезекті отырысында әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған сарапшылар, саясаткерлер мен экс-президенттер Еуразиядағы тұрақсыздық, саяси-экономикалық мәселелер мен қарулы қақтығыстардың қауіп-қатерін талқылап жатыр.
Автор: Жәудір Оразхан
13.11.2017
-Халықаралық тәжірибелі сарапшылар мен танымал саясаткерлер үшін Елорда жаһандық мәселелерге қатысты пікірталас алаңына айналған. Астана клубы отырысына әдетте беделді сарапшылар қатысатын. Биыл адамзатты алаңдатқан түйіткілдерді талқылауға экс-президенттер де келіпті. Олардың қатарында Түркияның мемлекет басшысы болған Абдолла Гүл, Чехияның бұрынғы президенті Вацлав Клаус жəне Словенияның экс-басшысы Данило Тюрк бар.
Әлемдегі тұрақсыздыққа қатысты жиынды ашқан Нұрсұлтан Назарбаев бірден адамзатқа төніп тұрған үлкен қауіптен бастады. Елбасы қазір халықаралық терроризмнің шарықтау шегіне жеткенін айтты. Көздеген мақсаты үшін адамды аямайтын жанкештілерді ешкім тоқтата алмай отыр.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Сегодня любая точка земного шара может стать объектом разрушительным ударов. С начала третьего тысячелетия число терактов, как и количество погибших, выросло в 10 раз. В 2016 году теракты произошли в 104 странах. Это более половины мира. То есть по географии и масштабам мы находимся условно фактически в cостоянии третьей мировой войны. В войне против террора.
Үшінші дүниежүзілік соғыс басталды деп ресми жарияланбағанымен, әлемнің әр жерінде болып жатқан терактың соғыстан еш айырмасы жоқ. Таяу Шығыста ДАИШ-тің беті қайтарылғанымен, ең ірі лаңкестік топтың содырлары басқа аймақтарға ауысуда. Ал бұл бүкіл Еуразия үшін аса қауіпті. Сырттан келген осындай қатерден сескенген мемлекеттер қазір қару-жарақ сатып алып жарысуда. Әлем елдері өткен жылы қаруға 1 триллион 700 миллиард доллар жұмсаған.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-США увеличили свои военные расходы до 611 млрд долларов, Китай - до 215 млрд, Россия - до 69 млрд, Индия - до 56 млрд долларов. И это большая часть всего национального дохода этих стран. Рост военных расходов - это не только угроза безопасности миру, это неэффективное отвлечение экономических и человечески ресурсов от реальных потребностей развития и благоденствия на земле
Қарулы қақтығыстан бөлек, қазір адамзатты халықаралық көші-қонның еселеп өсі де алаңдатып отыр. Босқындар мен өз еліндегі жоқшылықтан қажып, көшіп кеткендер саны 250 миллион адамға жеткен. Еуропаны Таяу Шығыс пен Африканың босқындары басып алған. Олар мекендеген мемлекеттерде бүгінде жұмыссыздық, қылмыс артып, әлеуметтік дағдарыстан шыға алмай жатыр. Мұндай демографиялық дисбаланс бұрын-соңды болмаған деді Елбасы. Сондай-ақ, бүгін Астана əлемдегі араздасқан тағы бір тараптарды татуластыруға тырысты. Халықаралық сарапшы, саясаткерлер Еуропа мен Ресей арасындағы кикілжіңді талқылады.
Иван Тимофеев, сарапшы (Ресей):
-Өкінішке қарай, санкция бір күнде шешілетін мәселе емес.2018 жылы экономикалық шектеу өрши түседі. Бұл Еуразия елдері үшін үлкен мәселе. Өйткені Ресей салынған санкцияның аймақтарға да зияны тиеді.
Яғни, санкция салдарынан әлемдік қаржы саласы үлкен өзгеріске ұшырауы мүмкін дейді сарапшылар.
-Астана клубының қатысушылар бүгін елдер арасындағы санкцияны тоқтатудың жолын таппағанымен, бұл мәселені тағы талқылауға мүмкіндік бар. Астанадағы халықаралық жиын ертең де жалғасады. Сарапшылар саяси, экономикалық қауіптер мен оны шешудің жолдарына қатысты ұсыныстарын жарияламақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!