{metadescription}

Ильин мен Чиншалло Токио олимпиадасына қатысуы мүмкін

Еліміздің зілтеміршілері допинг қабылдауын қояр емес. Тыйым салынған дәрі іздері тағы жеті спортшының қанынан табылған. Допингпен күресті күшейткен еліміздің ауыр атлетика федерациясы енді күш беретін препаратты ішкен зілтеміршілердің жаттықтырушыларына дейін жазаға тартпақ.

Омар Мұстафин, ҚР Ауыр атлетика федерациясының хатшысы:

-Дәрі ішетін адамдар жауапкершілікті мүлдем сезінбейді. Яғни, жетістікке жетіп, кейін масқара болатынын ойламайды. Қазір талап қатал. Допинг табылған спортшылардың барлығы жазаға тартылады.Ал, бапкерлері жұмыстан қуылуы мүмкін.

Допингкке қарсы күрестің күшеюі бекер емес. Өйткені, Ұлттық құраманы халықаралық ауыр атлетика федерациясы бір жылға спорттан шеттеткен болатын. Енді Қазақстанмен қоса допинг дауына іліккен Ресей, Әзірбайжан, Армения, Қытай, Түркия секілді елдер Астанада бас қосып, спорттан шеттету мерзімін қысқартудың жолын іздеп жатыр. Негізі ауыр атлетика федерациясы мерзімді 12 айдан 8-айға дейін азайтуға мүмкіндік бар дейді. Сондай-ақ жиында экс-олимпиада чемпиондары Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло жайлы да сөз болды. Атышулы спортшылар 2020-шы жылы Токиода өтетін олимпиадаға қатысуы мүмкін. Бұл екеуінің 2008 және 2012 жылы жазғы ойындар кезінде допинг ішкені расталған. Қазір Чиншанлоға келесі жылға дейін спортқа оралуға тыйым салынса, Ильинге қатысты әлі нақты шешім қабылданбапты.

Патрик Шамаш, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы допингке қарсы комиссия төрағасы:

-Мен Илья Ильиннің  сіздер үшін чемпион екенін түсінемін. Бірақ, қанынан допинг іздері табылғаны рас. Мүмкін бұған бапкері немесе дәрігерлер кінәлі шығар. Не болса да Сынама оң нәтиже көрсетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.