{metadescription}
Бишімбаев  зәулім коттеджінің ішіне  сауна да салғызғаны белгілі болды
Бишімбаев  зәулім коттеджінің ішіне  сауна да салғызғаны белгілі болды

Бишімбаев зәулім коттеджінің ішіне сауна да салғызғаны белгілі болды

Үш жатын бөлме, бассейн мен терраса. Бүгін «Бишімбаев ісі» бойынша айыпталып жатқан «Бәйтерек Деволепменттің» бұрынғы төрағасы экс-министрге қалай зәулім сарай салғанын жайып салды. Бақыт Жақсыбаевтың айтуынша, Астана іргесіндегі Қосшы ауылынан коттедж салуды Қуандық Бишімбаевтың өзі тапсырған екен.

Оның құны 100 миллион теңге. Ағаш үйде сауна да салынбақ болған. Бірақ, құрылыс созылып сол күйі аяқсыз қалыпты. Сондай-ақ сотта экс-министрдің әйелі де сөз сөйледі. Процеске Бишімбаевтың қорғаушысы ретінде қатысып жатқан жұбайы күйеуін барынша ақтап алуға тырысты. Айтуынша, Қызылордадағы шыны зауытының құрылысы кезінде ешқандай заң бұзылмаған. Сөзінің дәлелі ретінде кейбір баспасөзде жарияланған материалдарды ұсынып, айғақ ретінде тіркеуді өтінді. Бұрынғы Ұлттық экономика министрі 350 миллион теңге пара алды және Қызылордадағы шыны зауытының құрылысына бөлінген 1 миллиард 200 миллион теңгені ұрлады деп айыпталуда. Бишімбаевтан бөлек, 22 адам сот алдында жауап беріп жатыр. Олардың 20-сы кінәларын мойындаған. Экс-министр болса, сол күйі тағылған айыптармен келіспеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.